Елорда • 03 Қыркүйек, 2020

Волонтерлар қаладағы жалғызбасты қарттарға азық-түлік таратты

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Акция "Birgemiz" жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Волонтерлар қаладағы жалғызбасты қарттарға азық-түлік таратты

MAGNUM супермаркеттер желісі қайырымдылық акциясына қатысып, волонтерларға 25-тен астам эко-сөмкені тамақпен қамтамасыз етті.

Жинаққа бірнеше килограмм түрлі азық-түлік, шай, күнбағыс майы және тазартқыш құралдар кіреді. елорда волонтерлары @magnum.kz қолдауымен қаланың жалғызбасты қарт тұрғындарына азық-түлік жеткізді.

Айта кетейік, шара Birgemiz жалпыұлттық жобасының Qamqor бағыты бойынша жүзеге асты.