30 Қазан, 2013

Өнерде жоқ шекара

1431 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нью-Делиде «The IIC Experience: Festival of Arts» атты халықаралық үндістандық өнер фестивалі аяқталды. Оған Бразилия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Филиппиндер, Үндістан және фестиваль тарихында алғаш рет Қазақстан ұжымдары қатысты, деп хабар­лады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Нью-Делиде «The IIC Experience: Festival of Arts» атты халықаралық үндістандық өнер фестивалі аяқталды. Оған Бразилия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Филиппиндер, Үндістан және фестиваль тарихында алғаш рет Қазақстан ұжымдары қатысты, деп хабар­лады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. 

Фестиваль шеңберіндегі Қазақстан бағдарламасы Үндіс­тан халық­аралық орталығының өнер галереясында «Құланшы» заманауи өнер орталығының графикалық жұ­мыстарының көрмесімен ресми ашылды. Оған суреттердің авторы Ләйла Махаттың өзі де қатысты.

Іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Үндістанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі – қазіргі қауымаралық үйлесім қорының жетекшісі Ашок Сад­жанхар (Amb. Ashok Sajjanhar, Secretary, National Foundation for Communal Harmony) Қазақ­стандағы жұмыс жылдарын жылылықпен еске ала отырып, екі халық мәдениеттерінің ерекше ұқсастығын атап өтті.

Үндістандық көркем өнер сарапшылары көрермендерге «Сақтар желі» тақырыбына арналған 24 шығармасын ұсынған қазақстандық суретшінің жоғары шығармашылық әлеуетіне оң баға берді.

Халық өнерін сүйерлер қазақстандық «Тұран» ұлттық-фольклорлық ансамблінің му­зыкалық бағдарламасын тама­шалауға мүмкіндік алды. Қазақ­стандық ұжым ұлттық музы­калық аспаптарда ойнаудың жоғары шеберлігін көрсетіп, үнді қауымының жүректерін жау­лап алды. Қазақстанның Үндістандағы елшілігі ұйымдас­тыр­ған музыкалық топ Нью-Делиге сапары барысында, сон­дай-ақ, Қазақстан-Үндістан 8-ші туристік жәрмеңкесінде өз өнерлерін ұсынды.

Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде Канада, АҚШ, Италия, Германия, Нидерланды және т.б. елдердің фильмдері көрсетілді. Қазақстандық кинематографтан Жанна Исабаеваның «Талғат» драмасы да ұсынылған фильмдер тізіміне енді.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45