Театр • 03 Қыркүйек, 2020

Әкем-театр "Монодрама" байқауын жариялады

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры "МОНОДРАМА" байқауын жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкем-театр "Монодрама" байқауын жариялады
  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- қазақстандық авторларды қолдау;

- театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру;

- жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру. 

  1. Байқауды өткізу мерзімі:

- пьесалар 2020 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 1 наурызына дейін  қабылданады;

- байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай  жарияланады.

  1. Байқаудың өткізілу тәртібі:

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- үздік тарихи монодрама;

- үздік заманауи монодрама;

- үздік инсценировкалық монодрама.

    * * *

- байқауға республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады;

- байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа монодрамалар, моноинсценировкалар (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт;

- авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады;

- байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 20 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14);

- монодрама, моноинсценировкалар [email protected] электронды поштасына МОНОДРАМА БАЙҚАУЫНА деген тақырыппен жолдануы шарт;

- байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.

  1. Байқау қорытындылары бойынша:

- үздік деп танылған бір монопьеса не моноинсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;

- көркемдік тұрғыдан сараптан өткен бірнеше туынды көрермендер назарына телеспектакль түрінде ұсынылады;

- сонымен қатар сәтті деп танылған кей монопьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.