Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2020

АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесін бастады

601 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ Сауда палатасы ресми түрде Қазақстан-Америка іскерлік кеңесінің жұмыс істей бастағаны туралы Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесін бастады

"Іскерлік кеңестің міндеті - АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі тереңдету", деп хабарлайды СІМ таратқан дереккөзде.

Республиканың Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кеңес төрағасының қызметін Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвестор болып табылатын "Шеврон" компаниясы атқарады.

Кеңестің хатшылығы аға вице-президент Хуш Чоксидің жалпы басшылығымен АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасының арнайы аумақтық департаментінде орналасады.

Хабарламада айтылғандай,  Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы жылына шамамен 2 миллиард долларды құрайды, бұл ретте экономиканың ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен және инфрақұрылым сияқты салаларында өзара сауданың одан әрі өсуіне үлкен мүмкіндіктер бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда 700-ден астам американдық компания жұмыс істейді. «Қазақстан-Америка бизнес қауымдастығының АҚШ-тың Сауда палатасына кіруі бизнес қауымдастықты осы маңызды және стратегиялық қатынастарды дамыту үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді", деп мәлімдеді Шеврон Еуразия-Тынық мұхиты президенті Найджел Хирн.

"Біз АҚШ-тың Сауда-өнеркәсіп палатасында Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің ашылуын Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге қуатты серпін беретін және екі елде жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктердің ашылуына ықпал ететін тарихи оқиға ретінде қараймыз. Орталық Азияның жетекші экономикасы ретінде Қазақстан Құрама Штаттардың сенімді серіктесі болып қала береді және американдық компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті", деп қосты Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов.

АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасы 3,5 миллионға жуық американдық компаниялардың, 3 мың аймақтық палаталардың мүдделерін біріктіреді және олардың 90-нан астам өкілдіктері бар.