30 Қазан, 2013

24 сағат

222 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

*Грузияның Орталық сайлау комиссиясы прези­дент­тік сайлаудың қоры­тын­дысын шы­ғарды. Бюл­ле­теньдер 100 пайыз есептелген соң «Грузия арманы» билеуші коалициясынан кандидат Георгий Маргвелашвилидің 62,11 пайыз дауыс алғаны белгілі болды. Оған 1 миллион 12 мың 214 адам өз дауыс­тарын беріпті.

*Қытай басшылығы Пе­киндегі Тяньаньмэнь ала­ңында болған автомобиль апатын лаңкестік деп­ қа­былдап отыр.

*Грузияның Орталық сайлау комиссиясы прези­дент­тік сайлаудың қоры­тын­дысын шы­ғарды. Бюл­ле­теньдер 100 пайыз есептелген соң «Грузия арманы» билеуші коалициясынан кандидат Георгий Маргвелашвилидің 62,11 пайыз дауыс алғаны белгілі болды. Оған 1 миллион 12 мың 214 адам өз дауыс­тарын беріпті.

*Қытай басшылығы Пе­киндегі Тяньаньмэнь ала­ңында болған автомобиль апатын лаңкестік деп­ қа­былдап отыр.Оқиға сал­да­ры­нан көлік ішіндегі 3 жан­кеш­тіні қосқанда, 5 адам қаза тапса, 38-і жарақат ал­ған еді. Биліктегілер лаң­кес­­тік­ке қатысы бар деген күдік­пен Шыңжаң-Ұйғыр ав­то­номиялы районының екі тұрғынына іздеу жариялаған.

*Сауд Арабиясының Жоғарғы мүфтиі Абдул Азиз әл Шейх сөз сөйлеп, онда жас отандастарына Сириядағы соғысқа баруға асықпауға ақыл-кеңес берген. Мүфтидің сөзіне қарағанда, соғыс іс-қимылдарына қатысу жиһад жолын таңдағандар үшін міндетті болып табылмайды.

*Ресей либерал-демокра­тиялық партиясының серкесі Владимир Жириновский «атың шықпаса, жер өрте» әрекетін тағы қайталады. Ол «Жекпе-жек» бағдарламасында «Сол­түстік Кавказды тікенек сыммен қоршап тастау керек» деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Кавказ республикаларында үшінші бала үшін айыппұл енгізіп, тұрғындар өсімін қысқарту қажеттігін талап етті. Мемдуманың комитет төрағасы Гаджимет Сафаралиев бас прокурор Юрий Чайкадан оспадар депутаттың мәлімдемесін тексеруді өтініп отыр.

*Латвияның Вентс­пилс, Кулдигу және Талси қа­лалары сұрапыл дауыл­ салдарынан толықтай электр жарығынсыз қалды. Қа­лаларда жанармай құю стансалары жұмыс істемейді. Электр жарығы тұрғын үйлер мен мекемелерде атымен жоқ. Ауруханалар мен басқа да стратегиялық нысан­дар генераторлармен жұ­мыс істеп тұр. Аталған қалаларға қуат қашан бері­летіні беймәлім.

*«Тәжікстан темір жолы» Ресей жағынан Воро­неж облысының Терновка стан­сасындағы темір жол бойында «Мәскеу – Душанбе» ба­ғы­тындағы пойызға жасалған шабуылдан келген шығынның орнын толтыруды талап етіп отыр. Мұндай оқиға бұрын-соңды орын алып көрмесе, оны соңғы кездегі Ресейдегі ан­тимигранттық көңіл-күйдің күшеюімен байланыстыруға болатындай.

*Мысырдың кунг-фудан чемпионы Мохаммед Юсеф елдің бұрынғы прези­денті Мохаммед Мурсиді қолдағаны үшін алтын меда­лінен айырылып қалды. Бұған қоса, билік басын­дағылар спортшыға әлемдік аренада өз елінің намысын қорғауға тыйым салды. Дис­квалификацияның қан­ша уақытқа созылатыны туралы мәлімет жоқ.

*Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өзінің ресми сайтында әлемнің ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» сыйлығынан үміткер 23 футболшының тізімін жариялады. Олардың қатарында аталған допты төрт мәрте алған Л.Месси, сондай-ақ Э.Азар. Г.Бейл, З.Ибрагимович, А.Иньеста Ф.Лам, Р.Левандовский, Р. ван Перси, К.Роналду, т.б. бар.

Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:58