Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Павлодар облысында жабайы жануарлар саны артып келеді

1286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс аумағында сүтқоректілердің 20 түрі және құстардың 60 түрі мекендейді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысында жабайы жануарлар саны артып келеді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Тулепбаев  мәлім етті.  

"Сүтқоректілердің 10 түрі мен құстардың сегіз түрі аулау объектілері болып табылады. Бұл - қабан, елік, қасқыр, қоян, түлкі, қарсақ, дала сасықкүзені, борсық, суыр, су тышқаны, үйрек, қаз, қасқалдақ, шіл, құр, бөдене, көгершін, шалшықшы. Аңшы жолдамада немесе рұқсат берілген құжатта көрсетілген жануарлардың саны қанша болса, сонша аулауға құқылы. 2020 жылдың қорытындысы облыстың жабайы жануарлар саны ұлғайғанын көрсетті. Аң аулау ережелеріне сәйкес әуесқой  спорттық аң аулау үшін тиісті құжаттар болу керек. Аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсатнама, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы, жеке тұлағалар үшін қару мен оқтарды сақтауға және алып жүруге  рұқсатнама, жыртқыш құстарды аулау кезінде төлқұжат болғанда ғана рұқсат беріледі", - дейді Руслан Тулепбаев.

Инспекция басшысының айтуынша, өткен жылы аң аулау ережелерінің талаптарын бұзған 491 адам  анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 42 адамға 7 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 3 млн теңге өндірілген.

"Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу анықталған жағдайда азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда ескерту немесе жеке тұлғаларға 5 АЕК (13890 теңге), кәсіпкерлік субъектілеріне 25-тен (69 450 теңге) 100 (277 800 теңге) АЕК-ке дейін айыппұл салынады", - дейді Руслан Тулепбаев.