30 Қазан, 2013

Алаяқтар Алексей Баталовтың үйін тартып алмақшы

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 10 - Aleksei BatalovКСРО халық әртісі 84 жасар Алексей Баталов алаяқтардың тұсауына түскен секілді. Бұл туралы Argumenti.ru хабарлады.

Алексей Баталовтың жұбайы Гитана Аркадьевна Леонтенконың айтуы бойынша, олардың көршісі актердің қолтаңбасын сұрап келген екен. Алайда, ол қолтаңбаға қарапайым парақтың орнына үйді иеленуге құқық беретін сыйлық құжатын ұсынған көрінеді. Көршісінен күмәнданбаған әртіс байқаусызда құжатқа қол қойып жіберген. Заң бойынша үйді иелену құқығы көршісіне өтетінін білген Алексей Баталов есінен танып қалып, ауруханадан бір-ақ шықты.

14 қазанда актер мен оның көршісі арасында өткен сот мәселені қарастыруды кейінге қалдырды. Бұл оқиғаға байланысты Андрей Малаховтың «Пусть говорят» бағдарламасында да мәселе көтерілген болатын.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар