Елорда • 06 Қыркүйек, 2020

861 түлек Нұр-Сұлтан әкімінің грантын иеленді

32 рет көрсетілді

Елорда әкімдігі аз қамтылған отбасы балаларының білім алуына бір жарым есе көп грант бөлді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Мамандық таңдау - әр оқушы өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Биыл әкімдіктен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге 861 грант бөлінді. Резидентурада дәрігерлерді оқытуға 300 - ге жуық, педагогикалық мамандықтарға-485.

Аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар үшін бір жарым есе арттырдық. Гранттар ерекше қажеттілігі бар балаларға, жетім балаларға, аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға бөлінді. Түлектер IT-технологиялар, стоматология, жалпы медицина, әлеуметтік жұмыс, инженер, электроника және энергетика, педагог, шет тілі, көлік қызметі және логистика, құқық, туризм және т. б. мамандықтар бойынша оқуға түсті.

Л

Бұл көмек жоғары білім алу үшін айтарлықтай қолдау болады. Сонымен бірге мемлекет жыл сайын мыңдаған грант бөледі. Елбасының "Болашақ" бағдарламасы бойынша студенттер шетелдік білім ала алады.

Күнделікті еңбектеніп, білім алу арқылы ғана табысқа қол жеткізуге болады. Барлық мамандықтар маңызды. Ең бастысы-еңбек ету.

Президент халыққа Жолдауында білім беру саласын маңызды бағыттардың бірі деп айтты. Оқу үшін қолайлы жағдай жасау, түрлі қызметтер алу үшін қалада жыл сайын балабақшалар, мектептер, медициналық орталықтар және басқа да маңызды нысандар салынып жатыр. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашып жатырмыз.

Мектеп түлектерін - қазіргі студенттерді - ересек өміріңіздің сәтті басталуымен құттықтаймын! Денсаулық, бақыт және табыс тілеймін!" - деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Соңғы жаңалықтар

Білім – басты құндылық

Аймақтар • Бүгін, 17:10

Көкпектіде саябақ ашылды

Аймақтар • Бүгін, 15:48

Маңғыстауда дельтаплан құлады

Аймақтар • Бүгін, 11:24

Елімізде тағы 55 адам індеттен айықты

Коронавирус • Бүгін, 09:00

Алыстан жеткен алғыс

Аймақтар • Кеше

Тазалық бірдің емес, мыңның ісі

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Қала күні онлайн форматта аталып өтеді

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Байтұрсынов атындағы байқау өтті

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020

Облыс әкімі Сырдария ауданына болды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Үш тілдің үздіктері анықталды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Халықаралық семинар-кеңес өтті

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2020

Ұқсас жаңалықтар