Соның ішінде 700 мың адамның 2021 жылдан бастап өздерінің зейнетақы қорында жинаған қаражатының бір бөлігін жеке басының жағдайын жақсартуға жұмсауына рұқсат берілетіні туралы айтқаны мыңдаған адам мен олардың отбасындағы жандарды бір қуантып тастағанын көруге болады. Осы күнге дейін бұл қаражаттың пайдаға аспай қалуы мүмкін деп ойлап, сары уайымға салынып жүргендер бір серпіліп қалды.
Сонымен бірге Президент заң үстемдігінің орнауына айрықша назар аударды. «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды», деп атап көрсетті ол.
Президент қазіргі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің азаматтардың мәселелерін тыңдап, көрумен ғана шектелетініне назар аударды. Жолдауда осы мәселеге назар аударылды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет, деді Президент. Осыған байланысты мемлекеттің жаңа стандарттарын жасаудың қажеттілігін атап өтті. Ал оны жасайтын құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі зор міндет жүктеледі. Сондықтан осы салаларға реформа қажеттігін айтты Президент. Осы және басқа да мәселелер әбден толғағы жеткен дүниелер екені даусыз.
Сәуле СҮЛЕЙМЕНОВА,
«Солтүстік Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы
Солтүстік Қазақстан облысы