Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы көптің көкейіндегі көкейкесті, түйткілді жайттарды қозғап отыр. Он бір тараудан тұратын маңызды құжаттың әр бөлімінің атқарар жүгі салмақты. Біздің ойымызша сол өзекті ойлардың барлығы «Ұлттың жаңа болмысы» деп аталатын соңғы тарауда тоғысатын сияқты. Бұл тарау Президент Жолдауының қорытындысы, Темірқазығы іспеттес.

Бүкіл әлемді жайлаған пандемия бүгінде адамзат баласына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Осындай ауыр кезеңде қиыннан жол тауып, жаңара білген, уақыт үдесінен шыға алған ұлт қана өміршең болатыны заңдылық. Осы орайда Президент ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының даналық сөзіне сүйене отырып, ұлт келешегіне тіреу болатын алты қағидатты атап көрсетеді. Ал бұл қағидаттарды өмір салтымызға айналдыру үшін жас ұрпақты жаңаша тәрбиелей білуіміз шарт. Ал тәрбиенің бастау бұлағы, қайнар көзі отбасында жатыр. Қазақша айтқанда «Тәрбиенің иесі де, киесі де – отбасы, ата-ана». Әлемдік педагогика ғылымы да бүгінде отбасы тәрбиесіне ден қойып отыр. Азиядағы озық ұлт жапондарды алайық, фин халқы, тағы да басқа даму келешегін ұлттық құндылықтармен астастыра білген мемлекеттер тәрбиенің алтын қазығы отбасы деп біледі. Бар қамқорлықты отбасына, ата-аналарға жасайды, балаларды өмір сүру дағдыларына босағадан баули отырып, ең алдымен тәрбиелі қоғам мүшесін қалыптастыруға бар күштерін салады.
Әлем халықтарының басына төнген пандемия кезінде бала тәрбиесі мен білім берудің бар тауқыметі отбасына түскені белгілі. Күнделікті тіршіліктің, ағымдағы жұмыстың жетегінде кеткен көптеген ата-ана баласына білім мен тәрбие беруде абдырап қалды. Өйткені осы кезге дейін білім беру мен тәрбие мәселесіне балабақшалар мен мектептер ғана жауапты болып келгені жасырын емес. Осы тұрғыдан алғанда бүгінде отбасына деген әлемдік көзқарас түбірінен өзгерді. Қазір бүкіл әлем отбасы мен ата-аналарға қалай жәрдемдесуге бас қатырып жатыр. Қашықтан білім алу барысында ата-аналар мектептің де, мұғалімнің де қадірін түсіне бастады, оқулықтың мән-жайына қанықты, оқу бағдарламаларының барысын бағамдады, білім беру мен тәрбиенің оңай шаруа еместігіне көз жеткізді. Тіптен әлеуметтік желілерде баласын оқыту үшін бір-бірінен кеңес сұрап жатқан ұсыныс-пікірлерде шек болған жоқ. Демек, отбасы, ата-аналар мен балалар да нақты көмекке зәру.
Бұл мәселеде, әсіресе балабақша мен мектепке дейінгі тәрбиенің маңызы зор. Оған Президент Жолдауында да ерекше мән берілген. Адам болмысы отбасында қалыптасады дейтін болсақ, жапон ғалымдарының пайымдауынша, баланың миының жетілуі, ойлау жүйесінің негізі үш жасқа дейін, ал қазақ халқы бес жасқа дейін қалыптасады деп пайымдайды. Қалай болғанда да баланың ойлау өрісінің, сөйлеу мен қимыл дағдыларының қалыптасуы 3-5 жастағы кезеңмен байланысты. Осы тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысы тәрбие мәселесін қозғай отырып, 6 жасқа дейінгі сәбилерді балабақшалармен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге тоқталды. Ұстаздардың жалақысын көтеру, жоғары оқу орындарында жағдай жасау да осы Жолдаудағы басты мәселелер қатарында айтылды. Сонымен қоса, ең негізгі мәселе отбасы, көпбалалы отбасыларға көңіл бөлуге назар аударғаны ата-аналардың өзін де тәрбиелеу қажеттігіне меңзейді. Егер де отбасында тәрбие ақсап жатса, онда балабақшадағы, мектептегі тәрбие жайында айтудың өзі артық. Сондықтан да Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру барысында отбасы тәрбиесін дамытуға бағытталған арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдауы керек деп санаймыз. Бұл жалпы, тәрбие ісіне, отбасына, ата-аналарға жасалған үлкен мемлекеттік қамқорлық болар еді.
Осы орайда күні бүгінге дейін қоғам назарынан тыс қалып келген ұлттық қоғамдық-гуманитарлық ғылымды дамыту ісі де күн тәртібінде тұрған мәселе. Оның ішінде рухани дүниеміз – қоғамдық тәрбиенің негізі жатыр. Қазақ тілі мен әдебиеті, тарихы, өнері, мәдениеті, географиясы, философиясы, журналистика, педагогика сияқты ұлттық сипаттағы ғылымдар бүгінде техника, табиғаттану ғылымдарымен бір қазанда қайнап, қойыртпаққа айналып кетті. Қоғамдық ғылымдардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып дамытуға арналған бағдарламалар да, мемлекеттік құрылымдар да жоқ. Мәселен, физиктер, математиктер, химиктер шетелдерден білім алып, тәжірибе алмасып қайта алады. Ал қазақ әдебиеті мен қазақ тілі, Қазақстан тарихын, өнерін зерттейтін мамандар қайда барып тағылымдамадан өтеді? Оларды жаппай тағылымдамаға жіберу шарт па? Ондай жағдайда ұлттық ғылымды қалай дамыта алмақпыз? Қазір ұлттық ғылым салаларының үлкен дағдарысты кешіп жатқаны жасырын емес. Бүгінде мектептерде ағылшын тілін оқыту енді басталып жатыр, жоғары оқу орындарындағы қазақ бөлімдерін бітіріп шыққан түлектер де ағылшын тілін еркін меңгеріп шығып жатқан жоқ. Еркін меңгеруі дәл қазіргі жағдайда мүмкін де емес. Олай болса, ұлттық ғылым саласын зерттеуге талпынған үміткерлерге ағылшын тілінен жоғары талап қоюға, оларға шетелдік жетекші тағайындап, шетелдік журналдарда мақала жариялау сияқты талаптар қоюға бола ма? Осы түйткілдерді назарға ала отырып, ел Үкіметі қоғамдық-гуманитарлық ғылымды өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі ахуалын ескере отырып дамытудың тұжырымдамасын жасап, соған сәйкес бағдарлама қабылдауы қажет.
Жолдауда Мемлекет басшысы жемқорлықтың тек салдарымен күресе бермей, оның себебін анықтаудың қажеттігіне баса назар аударды. Бұл да айналып келгенде отбасындағы тәрбиеге келіп тіреледі. Бала отбасында шыншылдыққа, адалдыққа, мейірімге қанып өссе, оның әділетсіздікке, қатыгездікке, арамдыққа төзбейтін азамат болып қалыптасары хақ. Сондықтан ең алдымен тұрмыстағы, күнделікті өмірдегі, содан барып қоғамдағы әділетсіздіктерді болдырмауға тырысуымыз керек.
Осы тұрғыдан алғанда сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты заңдарды да қайта қарайтын уақыт келді. Бұл орайда Президент атап көрсеткендей, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырта отырып, Мемлекеттік қызмет жөніндегі заң да қайта қарауды қажет етеді.
Әл-Фарабидей, Абайдай ұлыларымыздың еңбектері ұлттық тәрбие мәселесіне негізделген десек, қазақы келбеті бар «толық адамды» (Абай) тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты міндеті. Ал қоғамдық тәрбиеге отбасынан бастап ден қоймайтын болсақ, қандай білімді азамат, үлкен ғалым, мемлекет қайраткері болғанмен халықтың ұлағатты, қадірлі тұлғасы бола алмайды. Жолдауда атап көрсетілген «Ұлттың жаңа болмысы» отбасынан алған ұлттық рухымен, егеменді мемлекеті санасына құйған тәрбиесімен қалыптасады.
Кенжехан МАТЫЖАНОВ,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
филология ғылымдарының докторы
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Аймақтар • Бүгін, 21:00
Берік Әлібай: Ұлттық дәстүрді сақтауға күш саламын
Өнер • Бүгін, 20:31
Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы
Қазақстан • Бүгін, 20:26
Толағайлар Ташкентте сайысқа түсті
Спорт • Бүгін, 20:23
«Бір терезе» ме, әлде, «Жүз терезе» ме?..
Қоғам • Бүгін, 20:20
Досмұхамед Кішібеков: Тарихын таныған ұрпақ Тәуелсіздіктің қадірін біледі
Тарих • Бүгін, 20:17
Теннис • Бүгін, 20:12
Руханият • Бүгін, 20:10
Медицина • Бүгін, 20:07
Әлем • Бүгін, 20:02
Атлах-Талас шайқасы: Ұлы жеңіске 1270 жыл
Тарих • Бүгін, 19:58
Спорт • Бүгін, 19:55
Қазақстанға агробанк қажет пе?
Қазақстан • Бүгін, 19:51
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Күрес • Бүгін, 19:35
7 мамырға арналған мерекелік шаралар қалай өтеді
Қоғам • Бүгін, 19:15
Айтылды-орындалды: Жеті ЖОО жабылды
Президент • Бүгін, 18:31
Пандемия кезінде жаны күйзелгендер көбейген
Әлем • Бүгін, 17:55
Хоккейшілеріміз әлем чемпионатына даярлануда
Хоккей • Бүгін, 17:16
Қалжыңдаймын деп айыппұл төлейтін болды
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматылық жүзушілер алдарына жан салмады
Спорт • Бүгін, 16:15
Төрт боксшымыз ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:00
Павлодарда жол-көлік оқиғасы кезінде екі бала зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:30
Атырау және Астрахан облыстарының шекарасында қоршаулар орнатылып жатыр
Қазақстан • Бүгін, 14:50
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Алматыда тәулігіне індет жұқтырғандар саны 700-ге жақындады
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Тазаланбаған аумақ үшін павлодарлық тұрғын жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
Қазақстан • Бүгін, 12:09
Әлішер Ерғали Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды
Күрес • Бүгін, 11:35
Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:00
Алматыдан 181 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Елімізде өткен тәулікте 1806 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 10:08
Өткен тәулікте 2828 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:45
Қасиетті айда қайырымдылық жасады
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар