ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев магистратура бойынша қай бағытқа қанша грант бөлінгенін төмендегідей атап өтті:
- Педагогика ғылымдары бойынша 3 267 грант;
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша 570 грант;
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыты бойынша 401 грант;
- Бизнес басқару және құқық саласы бойынша 825 грант;
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша 963 грант;
- Ақпараттық коммуникация технологиялары бойынша 1 170 грант;
- Инженерлік өңдеу және құрылыс материалдары бойынша 2 250 грант;
- Ауылшаруашылығы және био ресурстар бойынша 204 грант;
- Ветеринария бойынша 72;
- Денсаулық сақтау бойынша 115 грант;
- Қызмет көрсету саласы бойынша 237 грант тағайындалды.
"Ең жоғарғы конкурс шет тілі педагогтарын даярлау бағыты бойынша өткен. Оған өту балы 134 болды. Ал, ең төменгі конкурс ветеринария бағыты бойынша өтті", - деді ол.
Сонымен қатар, 10 202 талапкерге магистратура гранты тағайындалды.