Тағайындау • 08 Қыркүйек, 2020

Тарбағатай ауданына жаңа әкім тағайындалды

954 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жауапты қызметке бұған дейін Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған Асхат Сайдахметұлы Смайылов тағайындалды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz

Тарбағатай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл Кесік ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "Экономист" мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1994 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістер түсуін болжау және экономикалық талдау бөлімінің аға экономисінен бастаған. Кейін Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бюджет бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2002-2005 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің, кейін аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы болды. Екі жыл Тарбағатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс істеді.

2009 жылдың желтоқсанында Көкжыра ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Кейін Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.