Қоғам • 09 Қыркүйек, 2020

Алматы еріктілері қала тұрғындарын карантин шараларын сақтауға шақырады

181 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау  ережелері алматылықтардың күнделікті әдетіне  айналуы тиіс. Бұған дейін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында,  Jas Otan  жастар қанатының Алматы  қалалық филиалының жетекшісі Мәди Ахметов пен "Қазақстан еріктілері лигасы" ҚҚ Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева алматылықтарға карантин шараларының жеңілдегеніне қарамастан, Қаланың бас санитар дәрігерінің талаптарын сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы еріктілері қала тұрғындарын карантин шараларын сақтауға шақырады

"Еліміздің  Президенті коронавирус инфекциясымен күрес алдағы екі жыл бойы  жалғасатынын нақты атап өтті. Алматыда карантин талаптары  біртіндеп жеңілдеп келе жатқанын білеміз, бірақ осыған қарамастан күн сайын қорғаныс шараларын қатаң  ұстануымыз керек: әлеуметтік қашықтықты сақтау, медициналық бір реттік маска тағу,  қолды жиі жуу. Бұл ережелер алматылықтардың күнделікті әдетеріне  айналуы тиіс. Біз өз денсаулығымызды,  жақындарымыздың денсаулығын қорғауымыз керек. Мен жастарды барлық санитарлық шараларды сақтауға шақырамын", - деді Мәди Ахметов.

"Қазақстан Еріктілер лигасы" ҚҚ Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева әріптесін қолдап, қалалықтарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

"Біз Алматы қаласының еріктілері ретінде мониторинг топтарымен бірлесе отырып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үлкен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Барлық тұрғындарға, оқырмандарға, тыңдаушыларға тағы да хабарлағым келеді: жақындарымыздың, туыстарымыздың, айналамыздағы адамдардың және біздің қауіпсіздігіміз-өзіміздің қолымызда. Сондықтан карантин режимін, санитарлық нормаларды, әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу, қолды антисептикпен өңдеу, қолды жиі жуу бізді және жақындарымызды осы аурудан қорғайды", - деп толықтырды Бағдат Анарбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімдігі карантиннің алғашқы күндерінен бастап (2020 жылғы 16 наурыз) жастар лофт-орталығы базасында жедел волонтерлік штаб құрды. Оның құрамына қала еріктілері, медицина және қоғамдық ұйымдар  кірді.  Қала бойынша мыңға  жуық  ерікті жұмыс істейді. Оның ішінде  Штабта тұрақты қызмет ететін 100 ерікті  сақтық шараларды ұстану, тазалықты сақтау, коронавирус тараған кезде жасы үлкен кісілермен сөйлесу тәртібін үйрететін арнайы  курстан өтті.

Қазіргі таңда еріктілер көпбалалы және аз қамтылған 193 отбасыға маска таратты. 166 нысанда қоғамдық мориторинг жүргізіліп,  80 нысанда тәртіп бұзушылық анықталды. Осыған сай атқарушы органдар  тиісті шаралар ( жұмыс істеуіне шектеу қойылған сауда- саттық нысандары) қолданды. 6250 тұрғынға ақпараттық- түсіндірме жұмыстары  8(727)2791691 телефоны арқылы жүргізілді. Күнделікті 100- ге жуық қоңырауға жауап беріледі.