Жақында «Egemen Qazaqstan» газетінен (4 қыркүйек 2020 жыл), 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясының аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынып және аталған шығармаларды талқылауға мамандарды шақырып, пікірлерді ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін тиісті орындарға жолдау керектігі туралы жазған ақпаратты көзім шалды. Сол тізімнің ішінде «Қазақстан кинематографистер одағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы (авторлары: Елубаев Смағұл Абатұлы, Әбдрашов Рүстем Жарасқанұлы, Асенов Арман Тұрсынбайұлы, Кемалов Қайрат Кемалұлы, Дайыров Еркебұлан Мұратұлы) бар екен.

Ендігі әңгіме сол «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы туралы болмақ.
Мақаламның басында бірден ашып айтқым келетіні, мен өзі киноға да, әдебиетке де қатысы жоқ адаммын. Қазақ тілінде шыққан ұлттық киноларды, шамам келгенше, талғамыма сай үзбей көретін қарапайым көрерменмін және де жоғарыда аталған киноэпопеяның авторларын тек қана шыққан кітаптары, түсірген кинолары мен бұрындары ойнаған рөлдері (театр мен кинода) арқылы ғана білемін. Бетпе-бет көрісіп, тілдесіп көрген кісілерім емес, сырттай таланттарын бағалап, құрмет тұтатын азаматтар.
Мен өзім, химия және мұнай тасымалы инженері мамандықтарын таңдап, сол салада ғылым мен өндірістің байланысын зерттеп, ғылыми еңбектер жазып, олардың қорытындысын өндіріске енгізуді өмірлік кредосы санап жүрген ғылыми қызметкермін. Ел ішінде болып жатқан саяси және әдеби-мәдени шараларға да өз деңгейімде, ретінше қатысып жүретінім бар, оның ішінде өнер өлкесінде болып жатқан жақсылықтарға да құмар жан екенім, сырт көзден тыс, өзіме ғана аян. Негізі ғалым ретіндегі басты принципім «Ғылым-Инновация-Өндіріс» атты үштағанның тармақтарын ұштастыра отырып, өзімнің еңбек жолымда осы бағыттарды басты арқау етіп алған жайым бар. Осы тұрғыдан келгенде пікір білдіргім келіп отырған киноэпопеяның да өмірге келуінде менің ғылыми принциптеріме ұқсастықтар байқалады.
Қазақ хандығының тарих сахнасына шыққан заманы туралы «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Қазақ хандығы. Алтын тақ» (телевидениеде «Қазақ елі») фильмдерін бір емес, бірнеше рет көрдім. Көңілім толды. Қызыға әрі мақтаныш сезіммен тұшына көріп шыққаным рас.
Осы киноэпопеяны көріп шыққан соң, еріксіз әртүрлі ойға берілесің. Көзіқарақты көрермендердің есінде болар, бұрында осындай тарихи киноларды түсіру үшін мұхиттың ар жақ, бер жағынан сценарий жазатын автор, режиссерлер, тіпті басты рөлдерді сомдайтын актерлерді де шақырып, әуреге түсіп, жартылай шашылып қалғанымыз бар емес пе. Ол кино шыққан соң да шекеміздің қызғаны шамалы. Біз пікір білдірмекші киноэпопеяның ең басты ерекшелігі, бұл жерде ондай шала бүлінудің біреуі де жоқ, сценарий авторы да, түсіруші режиссер-мамандар да, басты рөлдердегі актерлер де өз еліміздің азаматтары, таңдаған кәсібінің майталмандары және өз саласының шыңына шыққан, ғылым мен инновацияның қатпар-қатпар иірімдерін толық мәнінде зерделеген, нәтижесінде жиынтық еңбектерін экранға жұп-жұмыр алып шыққан таланттар. Қарапайым тілмен айтқанда: 1) сценарий авторының ғылыми тұрғыдан терең жазылған еңбегі; 2) режиссердің техникаларды шебер пайдаланып инновациялық деңгейде кино түсіруі; 3) актерлердің кейіпкерлерін шебер ойнап, көрерменге (ғылыми тұрғыдан өндіріс деп түсінуге де болады) жеткізуі – бәрі жиналып келіп ғажап киноэпопея туғызған. Қазіргі тілмен айтқанда, өзіміз өмір сүріп жатқан ғасырымызда, кино саласында «Ғылым-Инновация-Өндіріс» үштағанының асқан талғаммен және біліктілікпен жымдаса іске асуы деп санаймын.
Киноэпопеяны көріп отырып, сол заман оқиғалары, кейіпкерлері бейнебір тіріліп көз алдымызға келгендей әсер аласың. Сол кино кейіпкерлерімен бірге қиналасың, бірге қуанасың, солармен бірге тарихи кезеңде жүргендей боласың. Фильмнен кейін сол заман тарихын қайта қарап шығуға тура келді (өзім үшін). Сонда көзіміз жеткені авторлар тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге мейлінше адал болған екен. Актерлер Керей, Жәнібек, Шайбаншах, Қобыланды батыр бейнелерін өте шебер және естен кетпестей сомдаған.
Сөзіміз дәлелді болу үшін фильмнің есте қалған кейбір шымыр сәттеріне тоқтала кетейін.
Фильмнің бас жағында Керей мен Жәнібек бастаған сарбаздардың ойраттармен кескілескен ұрыс кезі көрсетіледі. Қазақ сұлтандары өте ауыр жағдайда, көп шығынмен уақытша жеңіске жетеді. Арттарынан көмекке Шайбаншах уәде еткен қосымша күш келеді деген үміт болған. Өкінішке қарай, оң қанаттан Қобыланды батыр бастаған сарбаздар мен сол қанаттан арғын руының мыңдықтары келмей қалады. Ол хабарды жас сұлтандар Қасым мен Бұрындық өкінішпен жеткізеді. Сол сәттегі Керей мен Жәнібектің өз хандары Шайбаншахқа деген күдігі мен әттеген-ай деп қиналған сәттері жүздерінде де, қимылдарында да өте шынайы шыққан. Өзің көрермен болсаң да, фильмнің сол сәтінде қазақ сұлтандарымен бірге қатты қиналасың. Шындығында да қосымша әскерді Шайбаншах өзінің ішкі есебін реттеу үшін, яғни екі сұлтаннан құтылу үшін, әдейі жібермеген. Сол сәттегі ойраттардың қосымша күшпен келіп қазақтарды қоршауы, екі сұлтанның өліспей беріспейміз деген жауабы намысыңды қайрай, бойыңдағы қаныңды қыздыра түседі. Бұл эпизодтың әсері ойрат ноянының сөзінде жалғасын табады – «Керей, Жәнібек, сендердің өліспей беріспейтіндеріңді білем. Сендерді ажалға өз хандарың Шайбаншах айдап салып отыр. Ерліктеріңді шын мойындағандықтан сендерді осы жолы тірі жіберем» деген сәті де актерлердің шебер әрі шымыр ойнауында көрсетілген. Осындай әсермен фильмді әрі қарай ынтыға көресің.
Жасы үлкен Керей сұлтан мен жасы кіші Жәнібек сұлтандардың өзара сыйластығы, бір-біріне деген ізеті, қазақ халқын тәуелсіздікке бастаған ниет ұмтылыстары; жас сұлтандар Қасым мен Бұрындықтың әкелеріне деген ерекше құрметі; Шайбаншахтың қос сұлтанға қарсы аңшылық кезіндегі ұйымдастырған қастандық әрі жауыздық әрекеттері; Қобыландының есі кіріп қос сұлтан тобына қайта оралу сәті; қазақ деген ұлттың – намыс пен ұят, ынтымақ пен ел бірлігі деген ұғымдардың жиынтығынан тұратындығы – фильмнің көптеген эпизодында сенімді әрі шынайы түрде бейнеленген. Актерлердің бәрі де ойдағыдай еңбектенген деп ойлаймын. Ерекше баса айта кететін жай – бұл фильмдегі актерлердің барлығы дерлік өз образдарына толықтай еніп, қазақты да, қалмақты да, ханды да, сұлтанды да, батырды да, жырауды да, ханшаны да, тіптен баланың да рөлдерін нанымды сипаттаған. Айта берсе, фильмнен келтіретін мысалдар көп, оның бәріне тоқталып жатуды артық көріп отырмын. Себебі менің ойымша осы «Қазақ елі» фильмін еліміздің қазақтілді көрермендері түгелге жуық көрген шығар деп ойлаймын. Басқаша болуы мүмкін емес.
Бұл тарихи киноэпопея қазақ руханиятына қосылған үлкен өнер туындысы болды.
Киноэпопеяның тарихи рөлін мойындап қана қоймай, ұрпағымыз өздерінің тарихи тамырының қайда жатқанын білу үшін бұл фильмді мектептерде тарих сабақтарында көрнекі құрал ретінде пайдалану керек деп санаймын. Оның сыртында, жалпы ұлттық менталитетіміздің деңгейін көтеру үшін жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне, жалпы әскери мамандарға, оның ішінде шекара қызметіндегі және әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға осы киноэпопеяны міндетті түрде көрсетуге кеңес берер едім. Қазіргі уақытта еліміздегі телеэкранды ешқандай мәні жоқ шетелдік киносериалдардың жаулап алуы, көптеген тұрғынның, әсіресе қазақтілді көрермендердің ашу-ызасын тудыруда. Ондай шетелдік жолбике кинолардың орнына осы «Қазақ елі» киноэпопеясын айына бір рет (оның ішінде мереке күндері) ұлттық телеэкраннан қайталап көрсетіп отырса, патриоттық тұрғыдан, елдік тұрғыдан оңды шешім болар еді деп ойлаймын.
Қазіргі ғасыр, «жылт етті де жоқ болды, көрген түстей сағымдай» деп өлеңде айтылатындай, жылт етпе дүниелерге толып кетті. Екі-үш әнді әр жерде шырқай сап – жұлдыз, шағын мекемені бірер жыл басқарған болып – қайраткер, бір-екі кітапша жазып – ұлы жазушы боп жатқандар қаншама. Менің ойымша, келешек ұрпаққа толымды, тұрақты, тарих пен қазіргі заманды берік байланыстыратын ұлттық-инновациялық туындылар керек. Тағы да бір көптен ойда жүрген мәселе осы еліміздің әдебиетін, өнері мен мәдениетін шетелге жан-жақты таныстыру үшін, қазақтың бір ғана толыққанды фильмін шетелге таратса да жетеді-ау деп ойлаймын (әрине, озып шыққан үздік фильмін). Себебі фильмде барлық компоненттері, жоғарыда келтірген үштағанның («Ғылым-Инновация-Өндіріс») барлық негіздері болу керек: әдебиеттің тереңдігі, өнердің дара шыңы, мәдениеттің биік деңгейі және т.т.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды жəне қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады. Мен халқымыздың əлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын. Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар жəне жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс. Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру» деп атап көрсеткен еді. Президент атап өткен, жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алу деген сөздің іс жүзіндегі көрінісі – «Қазақстан кинематографистер одағы» қоғамдық бірлестігі ұсынған «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы (авторлары: Елубаев Смағұл Абатұлы, Әбдрашов Рүстем Жарасқанұлы, Асенов Арман Тұрсынбайұлы, Кемалов Қайрат Кемалұлы, Дайыров Еркебұлан Мұратұлы) деп білемін.
Бұл туынды еліміздің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығына лайықты еңбек, ал авторлар ұжымы сөзсіз лауреат атануға лайықты талант иелері.
Ербол МАХМОТОВ,
химия ғылымдарының докторы, профессор
Аида Балаева халық алдында есеп береді
Қоғам • Бүгін, 17:26
Түркістан облысында бетон шығаратын зауыттың іргетасы қаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:15
«Новая волна-2021»: Қазақстан атынан кім өнер көрсетеді?
• Бүгін, 17:00
Бас мүфти жетім балаларға жәрдемдесті
Қоғам • Бүгін, 17:00
Сенат Төрағасы Ресей Елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:39
Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:37
2,4 млн теңге пара алып, 72 миллион теңге айыппұл төледі
Қоғам • Бүгін, 16:35
Атырауда жолаушылар автобусы аударылды
Аймақтар • Бүгін, 16:26
Ұлыбритания Қытайдан «Шыңжаңдағы геноцидті» тоқтатуды талап етті
Әлем • Бүгін, 16:14
БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 16:01
Спутник-V мен Qaz-Vac вакцинасы ауруды қоздыра алмайды – Манар Смағұл
Коронавирус • Бүгін, 15:41
Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:38
Тұтынушыны ұрып өлтірген дәмхана иесі сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:32
Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Оқиға • Бүгін, 15:30
Жеті боксшымыз жартылай финалда жұдырықтасады
Спорт • Бүгін, 15:21
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
Ауа райы • Бүгін, 15:09
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Бүгін, 15:00
Қоғам • Бүгін, 15:00
Сенаторлар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін талқылады
Парламент • Бүгін, 14:48
Нұр-Сұлтанда тағы бір аула клубы ашылды
Елорда • Бүгін, 14:29
Аралда есірткіні заңсыз тасымалдағандар жазаларын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде
Аймақтар • Бүгін, 14:09
Жүзушілеріміз Беларусь елінде қос күміс алды
Спорт • Бүгін, 13:42
Nur Otan-да ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына дайындық барысы талқыланды
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 13:27
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:04
Ақмола облысы «қызыл аймаққа» қайта енді
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Мемлекеттік хатшы: Фермерлер өткізу нарықтарына делдалсыз шыға алатын болуы тиіс
Үкімет • Бүгін, 13:00
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында тағы бір кадрлық тағайындау болды
Тағайындау • Бүгін, 12:45
Алматыда тағы бір сауда орталығына жарылғыш зат қойылды
• Бүгін, 12:43
Мергендер Италияда сайысқа түседі
Спорт • Бүгін, 12:36
Экономика • Бүгін, 12:30
«Ashyq» қосымшасына тіркелген нысандар демалыс күндері де жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:13
ЕҰУ мен Оңтүстік Калифорния университетінің профессорлары бірлескен конференция өткізді
Қазақстан • Бүгін, 12:10
Алматылық санитарлар бюджеттен қаржы жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Кибералаяқтар СҚО тұрғынын 2 миллион теңгеге алдады
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Алматыдағы сауда үйлердің біріне жарылғыш зат қойылған
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Нұрлан Нығматулин: Салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында
Қазақстан • Бүгін, 11:38
Елордада карантин талабын сақтамаған 734 мекеме анықталды
Елорда • Бүгін, 11:30
Ла-Суфриер жанартауы атқылап жатыр
Әлем • Бүгін, 11:29
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Қоғам • Бүгін, 11:24
АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Президент отандық вакцинаны әзірлеген ғалымдарға алғыс білдірді
Президент • Бүгін, 11:15
Қазақстанда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 11:09
Биыл мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналасты
Қоғам • Бүгін, 10:57
Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
23 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
Бұрымдыларымызға бас жүлде бұйырмады
Спорт • Бүгін, 10:31
130-ға жуық босқын Жерорта теңізіне батып кетті
Әлем • Бүгін, 10:30
Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 10:09
Шиелі ауданының 42 жастағы тұрғыны алғаш рет төлқұжат алды
Қоғам • Бүгін, 09:55
Елордада жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Қоғам • Бүгін, 09:53
Энтони Блинкен: АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайды
Саясат • Бүгін, 09:41
Қазақстанда 32 адам коронавирустан қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:35
Петропавлда есірткі зертханасы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 09:20
2 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:19
Теңіз жаяу әскерлері жас сарбаздармен толықты
Қоғам • Бүгін, 09:18
Төрт боксшымыз бас жүлде үшін таласады
Спорт • Бүгін, 09:09
Елімізде бір тәулікте 2307 адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өскемен, Семей, Аягөз – «қызыл аймақта»
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Қыран қанатында қалықтаған жыр
Руханият • Бүгін, 08:43
Руханият • Бүгін, 08:39
Электронды коммерцияны дамытуға бағытталған жоба
Экономика • Бүгін, 08:36
Қайырымды істер марафоны жалғасуда
Руханият • Бүгін, 08:33
АҚШ климаттың жылынуына алаңдаулы
Әлем • Бүгін, 08:30
Индонезияда сүңгуір қайық жоғалып кетті
Әлем • Бүгін, 08:29
Жаңа терминал инвестициялық әлеуетке серпін береді
Экономика • Бүгін, 08:25
Мемлекет кепілдігімен кәсіп ашқан ана
Қоғам • Бүгін, 08:21
Руханият • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Ұқсас жаңалықтар