Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

Жыл басынан бері СҚО-да 456 пәтер ұрлығы тіркелді

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тіркелген 456 ұрлықтың 400-ден астамы ашылған. Бірақ пәтер ұрлығы тоқырар емес. Жуырда тағы екі пәтер ұрлығы тіркелді. Екі жағдайда да ұрлық жасады деген күдікпен жәбірленушілердің көршілері ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жыл басынан бері СҚО-да 456 пәтер ұрлығы тіркелді

Соның ішінде Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылы тұрғынының үйінен 230 мың теңге сомасындағы қаражаттың ұрланғаны туралы арызбен полицияға жүгінген. Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен наркологиялық есепте тұрған аталған ауылдың бұрын сотталған 1977 жылы туған тұрғынын ұстады.  Ұры үй иелері жұмыста болған кезде терезе арқылы түскені белгілі болды. Ұрланған қаржының бір бөлігі алынды. Аталған факті бойынша қылмысты іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Тағы бір ұрлық Қызылжар ауданының Якорь ауылында орын алды. Әкімшілік учаскедегі түнгі рейд кезінде учаскелік полиция инспекторы бұрын сотталған адамның бірін тексереді. Полиция қызметкері үйде бей-берекет шашылып жатқан түрлі азық-түлікті байқайды. Мән-жайды анықтау кезінде учаскелік инспектор келмей тұрып, шамамен бір сағат бұрын қаскөйлер түнде үйлерінде жоқ болған бір көшеде тұратын көршілерінің үйлерінен азық-түлікті олжалап алып шыққаны анықталды.  40 жастағы бұрын сотталған адам есік құлпын бұзып, өзінің танысы, бұрын сотталған ауыл тұрғынымен бірге бір қап қант, компот банкалары, ет, өсімдік майы, спирттік ішімдіктер, парфюмерия заттарын қолды қылған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамалып, үстерінен қылмысты іс қозғалды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы