Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

"Нарынқол өңірінің тарихы" кітабы жарық көрді

797 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасиетті Тәңіртау етегін  мекен еткен  ауданымыздың  тарихы – мыңдаған  адамдардың  тағдыры, өткені мен  болашағы туралы "Нарынқол өңірінің тарихы" атты жаңа кітап жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Нарынқол өңірінің тарихы" кітабы жарық көрді

Осы  бір  қасиетті  өлкені  атамекені  санаған  қаһарман  халықтың  ғұмырбаяны баяндалған бұл туындыны, өз өлкеміздің азаматы Беркін Әкебаев жазып шықты.

Туған жердің қойнауын  мың  ақтарған кітаптың  тұсаукесер  қуанышы, кең көлемде аталып өтті. Аудан  тарихынан  сыр  шертіп, ұрпақ  игілігіне  айналар  жаңа  кітап  құтты  болсын. Болашаққа қалар асыл мұраларымыз көп болсын. Кітаптың таныстырылымына орай пікірімен Райымбек ауданының әкімі Нұржан Құдайбергенов жеке парақшасында да бөлісті.

"Нарынқол өңірінің тарихы" атты тарихи кітаптың авторы Беркін Әкебаев Райымбек ауданы мәслихатының шешімімен Райымбек ауданының "Құрметті азаматы" төсбелгісімен марапатталса, шараның ең айшықты сәтінде қоғам қайраткерлері Ызғарбек Бектұрсынов пен Босатқан Ұлдарбеков ағаларымыз тағылымға толы кітаптың лентасын қиды.

Ауданның баспасөз мәліметтеріне сүйенсек, бұл  қуанышқа   ауданнан шыққан қаламы  қарымды  азаматтар мен өнер майталмандары қатысып, арнайы  тілектерін  білдірді. Тарихи тереңге бойлаған Райымбек ауданы бүгінде ауыл шаруашылығы дамыған өлке. Ауданнның осынау тұнған тарихы  жайлы  кітаптың  жарыққа шығуына демеушілік жасаған аудан тұрғындары, "Ұлағатты  ұрпақ" қоғамдық  қоры  мен "Бүркіт" отын-энергетикалық  компаниясы.