Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

Алматыдағы Жоғары медициналық колледжіне ұмтылғандар саны екі есе көбейді

213 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл күндері Алматы қаласындағы Жоғары медициналық колледжіне білім алуға 1400-ден астам талапкер өтініш білдіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы Жоғары медициналық колледжіне ұмтылғандар саны екі есе көбейді

Ал қалада аталмыш колледжге құжаттар қабылдау аяқталды. Қабылданған құжаттар саны өткен жылдың көрсеткіштерінен екі есе көп. Бұл туралы Алматы қаласы Жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді.

Медициналық мамандықтарға деген сұраныс қана емес, сонымен қатар талапкерлер тарапынан қызығушылық артқанын байқаймыз. Биыл 1500-ге жуық адам құжаттарын тапсырды. Талапкерлерді тарту онлайн режимінде 2020 жылғы 20 маусымнан 2020 жылғы 25 тамызға дейін жүзеге асырылды.

Бұл үрдіс түсінікті, эпидемияның алғашқы күндерінен бастап барлық медициналық қызметкерлер майдан шебінде жұмыс істеуге тартылды. Шілде айында індеттің өршіген кезінде4500-ден астам медициналық қызметкер, атап айтар болсақ, дәрігерлер, мейірбикелер және зертханашылар ковидтік ауруханаларға жұмылдырылды. Әрине, барлық медицина қызметкерлері бүгінгі күннің батырлары. Ал жастар үшін олар халықтың денсаулығын сақтауда тұрған ақ халаттылардың супер қаһармандарына айналды.

Ересектер арасында да медициналық мамандықтарға сұраныс та артқанын атап өткен жөн.Сонымен, биыл талапкерлердің жасы 54 жасқа дейін өсті.

Биыл "Мейірбике ісі" мамандығына 482 талапкер ерекше қызығушылық білдірсе, бұл талапкерлердің 56,3% құрайды.

Орайы келіп тұрғанда, 1981 жылы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы негізінде Жоғары медициналық колледжі құрылған айта кету керек. Колледж жалпы мейірбикелер, фельдшерлер, акушерлер, медициналық зертханашыларды, дантистерді, фармацевттерді дайындайды.Практикалық денсаулық сақтауды қарқынды дамыту үшін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда жетекші білім беру ұйымы болуға ұмтылып отыр.

Әдетте,  9 және 11 сыныптан кейін оқуға түсуге өтініш бере алады.Оқу мерзімі  3 жылдан 4 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Барлық түлектер кәсіби техникалық білім туралы диплом алады. Колледжді бітіргеннен кейін мамандар бәсекеге қабілетті, тәуелсіз кәсіби қызметке дайын және Алматы қаласының медициналық ұйымдарында сұранысқа ие.

Жоғары медициналық колледж Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім берудің жетекші оқу орындарының бірі. Колледж оқытудың инновациялық технологияларын енгізе отырып, білім беру қызметтерін ұсыну бойынша жоғары сапаны қамтамасыз етеді. Колледж түлектері жұмыспен қамту нарығында еркін бәсекеге түсіп, еліміздің медициналық ұйымдарында табысты  жұмыс жасай алады.