Елорда • 10 Қыркүйек, 2020

Батыс пен Жамбыл облысының фермерлері жәрмеңкеге 405 тонна өнім әкеледі

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағалар нарықтағыдан қарағанда 15-20% төмен болады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс пен Жамбыл облысының фермерлері жәрмеңкеге 405 тонна өнім әкеледі

12-13 қыркүйекте Хан-Шатыр сауда ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Екі облыстың фермерлері елордаға 400 тоннадан астам өнім әкеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына 204 тонна көкөніс, 92,8 тонна ет, 30 тонна шұжық, 12,5 тонна сүт өнімдері, 55 мың дана жұмыртқа, 21,5 тонна ұн және макарон өнімдері, 6 тонна кондитерлік өнімдер, 5 тонна қант, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кептірілген жемістер және т.б. әкелінеді.

Бағалар нарықтағыдан қарағанда 15-20% төмен болады. Мысалы, сиыр етін 1700 теңге/кг, қой етін 1900 теңге/кг, жылқы етін 2000 теңге/кг сатып алуға болады.

Барлығы 445 миллион теңгенің 405 тонна өнімін сату жоспарланған. Жәрмеңкеге келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы тиіс.