Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

Алматыда 50 мыңнан астам оқушы мен мұғалімге компьютерлік техника берілді

152 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында  Алматы қаласы Білім Басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 50 мыңнан астам оқушы мен мұғалімге компьютерлік техника берілді

Естеріңізге сала кетейік, мектеп аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшірілді. Сонымен қатар, қала әкімшілігі оқушылар мен мұғалімдердің қажетті техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады.

"Алматы қаласының білім Басқармасы компьютерлік техникасы жоқ отбасындағы   балаларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Биылғы жылдың 10 қыркүйегіндегі жағдай бойынша барлығы 51 720 компьютерлік техника берілді", – деді Қайрат Жұманов.

Мәселен бүгінгі күні:

– жан басына қаржыландыру бойынша   мектептер 9 120 ноутбук сатып алып,  жеткізді;

– жергілікті бюджет есебінен 22 212 планшет сатып алынып, жеткізілді;   11 042 компьютер сатып алынды, оның 2 мыңы жеткізілді; қалған 9 мыңы ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін жеткізіледі;

– 38 591 дана компьютерлік техника Үкіметтің резервтік қоры есебінен сатып алынып,   18 388 компьютер мен ноутбук жеткізілді; қалған 5 203 планшет пен 15 000 ноутбук 15 қыркүйекке дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар, Қайрат Жұманов демеушілік көмек есебінен де үлкен көмек көрсетілетінін атап өтті:

150 ноутбукты ҚР Сыртқы істер министрлігі, "Қазақстандық дипломаттар бірлестігі" және ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин  әлеуметтік осал  топтағы отбасылардың балаларына берді.

"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының демеушілері 500 ноутбук ұсынды.

"Мектепке жол" акциясы аясында "Nur Otan" қалалық филиалы әлеуметтік  аз қамтылған отбасыларға 1,5 мың планшет пен 1000 мектеп құралдарын берді.