Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2020

Ұлттық банк: Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды

161 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгін  Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ішкі валюта нарығындағы ахуалдың дамуы және әлемдік нарықтардағы тамыз айындағы негізгі оқиғалар, айдың соңында дәстүрлі сұхбаттасу барысында еліміздің халықаралық резервтерінің динамикасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк: Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды

ҰБ өкілінің пайымдауынша тамыз айының  шетел валютасы теңгеге қатысты жаңалықтары нейтралды сипатта болыпты.  Мұнай бағасында да аса өзгеріс болмады. Баға  44,15-45,86 доллар аралығында шамадан тыс құбылмалылықсыз саудаланыпты.   Себебі тамыздың басында АҚШ пен Еуроаймақтың өндірістік секторындағы іскерлік белсенділік туралы мәліметтердің беталысы белгілі болып қалды. Қолайлы макроэкономикалық статистика аясында әлемдік қор индекстері өсуін жалғастырыпты. Мысалы, американдық S & P500 акциялар индексі тамызда 7% -ға өсті, әлемдік қор нарығының жағдайын бейнелейтін MSCI World индексі тамызда 6,5% -дан астамға өсті. Алайда, инвесторлар тәуекелінің одан әрі өсуіне пандемияның беті қайпауы және алпауыт елдер арасындағы сауда қақтығыстарының күшеюі себеп болған.  

"Тамыз айында   АҚШ долларының арзандауы әлемнің назарын аударды.  Бұл жағдайда ФРЖ ұзақ уақыт бойы жұмсақ ақша-несие саясатын жүргізуі мүмкін. Себебі АҚШ-тың қазынашылық міндеттемелерінің нақты ставкаларының төмендеуіне де әсер етті және алтын бағасының көтерілуін унциясына 2000 доллардан жоғары деңгейге дейін жеткізді", дейді ҰБ өкілі.

"Доллардың әлсіреуі дамыған елдердің ұлттық валюталарана қалай әсер етеді?" деген мәселе дамыған елдердің сарапшылары үшін мәңгілік тақырып. Себебі, қазақ теңгесінің тағдыры тек мұнай бағасы немесе АҚШ долларына ғана тәуелді емес екені енді белгілі болып жатыр. Сарапшылар теңгеміз тек екі фактордың емес, көрші ел Ресейге қарсы бағытталған батыстың санкциясы, сыртқы саудадағы импорттың үлесінің қыспағында. Басқаша айтқанда теңгеміз үп еткен желге дейін бір ете қалатын қорғансыз баланың кейпіне түсе бастады.    

Ұлттық банк тамыз айында валюта нарығына қатыспаса да пайыздық мөлшерлемелер өзгерді. Биржадағы сауда шілде айындағы 2.1 млрд  АҚШдолларынан 2.2 млрд АҚШ долларына дейін өсті.  Тамыз айындағы теңгенің кенеттен күш алып, бір бағаны ұзақ уақыт тұруына осы факторлар да әсерін беріпті.     ҰБ өкілінің пайымдауынша,   тамыз айындағы  маусымдық фактордан да теңге жыл сайын біразға дейін қор жинап алатын. Бірақ биылғы пандемияға қатысты   маусымдық фактор теңгемізге әсер ете алмапты.  

"Тамыз айында кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк Ұлттық қордан шетел валютасын 681 миллион долларды
сатты,  трансферттің конверсия мөлшері өткен айлармен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды, бірақ бұл валюта нарығында теңгерімсіздікке, басқаша айтқанда теңгенің тым қатты арзандап кетуіне жол бермеді. Квазимемлекеттік сектор компаниялары өздерінің міндеттемелері шеңберінде валюта түсімдерінің бір бөлігін 266 млн долларды сатты. Бұл валюта нарығында ұсыныс пен сұранысты теңестірді", –дейді ҰБ өкілі  Әлия Молдабекова

Алдын ала мәліметтер бойынша, Қазақстанның халықаралық резервтері Ұлттық қордың активтерін қосқанда, тамыз айының соңында 94,1 миллиард долларды құрады. Тамыз айының соңында Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері бір айда 22 миллион долларға шамалы өсіп, 35,4 миллиард долларды құрады. Алтынның үлесінде де өзгеріс жоқ.

Тамыздың теңгеге деген қабағы түзу болғанмен, қыркүйек айы аса жайлы бастамады. Айдың басынан бері теңгеміз тұрақтылығын сақтай алмады. ҰБ өкілі мұның себебін мұнай бағасының арзандауынан деп біледі екен.    
Қыркүйек айының басынан бастап мұнай бағасы күрт төмендей бастады. Сарапшылар мұның себебін инвесторлардың көмірсутектерге деген сұраныс төмендеуінде деп отыр. Себебі инвесторда ертең баға қандай болады деген алаң көңіл бар.  COVID-19-ға қарсы AstraZeneca вакцинасының сынақтарын тоқтата тұру туралы хабарламалар туындаған кезде инвесторлар әліптің  соңын күтуге ыңғай танытқан. Кешеден бастап  соңынан бастап мұнай бағасы қалыпқа келетін ыңғай танытып, қор биржасында қозғалыс басталыпты.

Қыркүйек айының ортасында Федералдық ашық нарық комитеті жиналады. Бұған дейін АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі ставкалардың ұзақ уақыт бойы төмен деңгейде болатындығын ескерткен болатын.

Орталық банктің бұрын-соңды болмаған шараларынан өтімділік ағындары активтерге күш беріп жатыр. Ал нарық болса  коронавирустық пандемия мен оның салдары, сондай-ақ осы жылдың қарашасында АҚШ-тағы президент сайлауының кері салдарына дайындықты бастап кетіпті.

"Ресей рублі де  геосаяси тәуекелдердің ықпалында қалды. Сарапшылар рублдің әлісеруі алдағы уақытта жалғаса беретінін айтып отыр.
–Мұнай бағасының шешуші факторларын COVID-19 және ОПЕК + -ке мүше елдердің саясаттағы ендігі бағыты анықтайды. Ұлттық Банк сыртқы және ішкі нарықтардағы оқиғаларға бақылауды жалғастырады және төтенше жағдайлар туындаған кезде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолда бар құралдардың барлық спектрін пайдалануға дайын", –дейді ҰБ өкілі.