Медицина • 11 Қыркүйек, 2020

Сақтық шараларын ұстануға шақырады

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 науқас тіркелді. Ал емханалар жанынан құрылған мобильді топ тәулік ішінде 100-ге жуық тұрғынның үйіне барып, алғашқы меди­циналық-санитарлық көмек көрсететкен. Сондықтан медицина мамандары әлі де босаңсуға бол­майтынын ескертеді. Сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.

Сақтық шараларын ұстануға шақырады

Айта кетерлігі, Шымкент қа­ла­сында бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5 182 жағдайы тір­келді. Оның ішінде 2 642-сі – симптомды, 2 540-ы – симптом­сыз жағ­дай. Бүгінге дейін 4 498 науқас коронавирус инфек­ция­сынан жазылып шықты. Қа­зіргі таңда 622 адам емделіп жатыр, оның ішінде 6 тұрғын стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда қаладағы прови­зорлық және инфекциялық стационарларда 400 төсек-орын болса, оның 67 пайызы бос тұр.

Осыған орай қалада эпиде­­миялық ахуал қалыпқа түсіп, шектеу шаралары жеңілдетіліп жатыр. Көптеген нысан ашылып, халықтың қарапайым тіршілігі қайта жандана бастады. Тіпті, өткен аптадан бері қала аумағында індет жұқтырғандардың дерегі тіркелген жоқ. Дегенмен бо­саңсуға жол жоқ. Себебі індеттің тағы бір толқыны есік қағуы мүмкін. Сондықтан тұрғындар ескеретін өте маңызды бір жайт бар. Бұл – сақтық шаралары. Яғни əр азамат санитарлық та­лап­тарды жадынан шығармауы ке­рек. Босаңсуға əсте болмайды. Өйт­кені қауіптің беті əлі қайтқан жоқ.

Нақтылап айтсар болсақ, санитарлық нормаларды сақ­тағаныңыз қоғам үшін маңызды. Шындығында сақтық шаралары – қарапайым ғана дүние­лер. Мəселен, бетперде тағу, ара­қашықтықты сақтау, қолды тазалап жуу, антисептикті жиі пай­далану жəне адам көп шоғыр­ланатын орындардан бас тарту. Осы қарапайым талаптарды бəріміз орындасақ, індетті іргемізден шығарып, таралуын толық тыяр едік.

Қорыта айтсақ, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дəрігері карантин­дік режімді текке созып отыр­ған жоқ. Бəрі де халықтың жағ­дайы үшін қабылданған ше­шім. Сол себепті жергілікті әкімдік тұрғындардың бұған түсініс­тікпен қарап, тиісінше шектелген шараларды толық орындауға шақырады.

 

ШЫМКЕНТ