Руханият • 11 Қыркүйек, 2020

Елорданың Достық үйінде "MAMA" фотокөрмесі ашылды

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экспозиция Отбасы күніне орайластырылған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорданың Достық үйінде "MAMA" фотокөрмесі ашылды

Елорданың Достық үйінде "Мама" фотокөрмесі ашылды. Экспозицияда көп балалы аналардың фотосуреттері, сонымен қатар отбасы құндылықтарын бейнелейтін суреттер қойылған. Көрменің ашылуына отбасына қамқорлық пен белсенді қоғамдық жұмысты қатар алып жүрген аналар қатысты.

"Сіздерге отбасы институты мен қоғамдағы бірлікті нығайтуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз зор. Сіздерге тағзым, құрметті әйелдер, аналар! Зор денсаулық пен сәттілік тілеймін", деді әкімнің бас инспекторы, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Мөлдір Бөлебаева.

1

Сондай-ақ шара барысында аналар кеңесінің ең белсенді мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған медальмен марапатталды.

"Басшылығымыздың атынан аналар кеңесінің мүшелеріне медаль тапсырғым келеді. Бұл әртүрлі этникалық топтардың өкілдері. Сіздерге женкештілік еңбек үшін рахмет!", деді Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Фотокөрмеге қатысушылар мұндай шаралардың ұрпақ тәрбиесінде маңыздылығын атап өтті. Еске сала кетейік, Қазақстанда Отбасы күні қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.