Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары Асқар Бөлдешов пен оның кәсіпкер досы Талғат Жұмаханов екеуі осыншама көлемдегі бюджет ақшасын ың-шыңсыз бөліп ала салмақ болыпты. Сол үшін айыптылар орындығына отырып, өздеріне қатысты соттың алғашқы процесін бастан өткізіп үлгерді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары Асқар Бөлдешов пен оның кәсіпкер досы Талғат Жұмаханов екеуі осыншама көлемдегі бюджет ақшасын ың-шыңсыз бөліп ала салмақ болыпты. Сол үшін айыптылар орындығына отырып, өздеріне қатысты соттың алғашқы процесін бастан өткізіп үлгерді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Айналып келіп, құқық қорғаушылардың қолына түскен бұл екі жан аямас достар мұның бұрқырап жатқан қайнар көзі ретінде әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасының айналасы деп білген. Тәтті арманның құшағына тітіренбей қойып кеткен бұлар кәсіпкердің кәсібі азық-түлік тауарларын жеткізіп тұрумен ғана шектелетінін де ескермейді. Сөйтіп, қару-жарақ пен оқ-дәрінің иісі мұрнына да бармайтын бизнесмен осындағы досының арқасында сол бойынша өткен тендерге қатысып, оны ұтып та алады. Соның арқасында қос сыбайлас «С-300 зенитті-зымыран кешеніне қосалқы бөлшектер жеткіземіз» деп қазынаның 145 млн. теңгесін қолқ еткізіп, бірден жұтып жібереді.
Асқар Бөлдешов бұған дейін әлеует құрылымдарына азық-түлік жеткізумен айналысып келген өзінің жақын досы Талғат Жұмахановқа тиесілі «RG Trade» компаниясын мемлекеттік сатып алуға қатыстырыпты.
Бір қызығы, әскери техникадан мақұрым фирма Алматы облысы Боралдай кентіндегі қазақ әуе қорғанысының негізгі күші С-300 зенитті-зымыран кешеніне қосалқы бөлшектер жеткізуі тиіс болған. Кейін әкелінген құрал-сайман жарамсыз болып шықты. Оны орнатқанда зымырандар ұшуға жарамай, ал радиолокациялық станса шекара бұзған бірде-бір ұшақты таба алмас еді.
Тергеу материалдарына сүйенсек, ым-жымы бір қос сыбайлас бюджеттен тендерге бөлінген 200 млн. теңгені өзара бөліп алмақ болған. Соның 145 млн. теңгесін «RG Trade» фирмасының есепшотына аударып та үлгерген екен. Кейін қаржының бір бөлігіне кәсіпкер досы Асқар Бөлдешовтің ауылдағы әке-шешесіне монша тұрғызып берген. Сотта шендінің басқа былықтары да әшкереленді.
Әскери прокурордың айтуынша, Бөлдешов түрлі мерейтойлар, халықаралық «Кадех» қару-жарақ көрмесін өткізу желеуімен әскери бөлім командирлерінен 10 мыңнан 90 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Қаржыны жеке банк карточкасына аудартқызыпты. Оның нөмірін телефонмен болмаса смс хабарлама арқылы жолдап тұрыпты. Ол екі жыл бойы офицерлерден осылайша 1 млн. 648 мың теңге жинап алып, қалтасына басқан.
Сот процесі үш айға созылуы мүмкін.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.