Руханият • 14 Қыркүйек, 2020

Елін сүйген ер еді...

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың биыл Саяси қуғын-сүргін және ашар­шылық құр­бандарын еске алу күніне орай ар­­­найы үндеу жа­риялағаны мәлім. Үн­деуінде Прези­дент Қ.Тоқаев тә­уел­сіз­діктің ал­ғаш­­­қы жыл­да­ры­нан басталған тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын айтты.

Елін сүйген ер еді...

«Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз», деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл шешімі кеңестік дәуірдегі заңсыздықтар кезеңінде құрбан болып, есімдері мен халық игілігі үшін атқарған істері ұмыттырылған жандарды еске алу ісіне жаңа серпін беруде. Жазушы және тарихшы Бейбіт Қой­шыбаевтың жақында «Рух» баспасынан шыққан «Елі сүйген Ақ Байсейіт» атты кітабы осы орай­дағы соны серпілістің бір көрінісі екеніне күмән жоқ.

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысына қатысушы­лардың алғашқы легінде болған Байсейіт Әділұлы Кеңес өкіметі Алаш қайраткерлеріне қарсы жүргіз­ген репрессияның алғашқы толқынында оққа ұшты. Кәмпеске науқанынан кейін іле-шала соңына түскен қарулы жасақ оның бой тасалаған үйін қоршауға алып, атқылаған шақта опат болды. Әскерилердің бақылауымен жер қойнына берілді. Есімі «Алаш ісі» тергеулерінде ғана аталып, қалың жұртшылық үшін содан бері жабық жағдайда жатты. Бірақ оны қадір тұтатындар мен білетіндер ұмытпай, тоқсан жылдан кейін сүйегін ауылдастарының мекеніне әкеліп, қаралы-салтанатты түрде қайта жерледі. Осы оқиғаға байланысты әзірленген жинаққа Кеңестердің 1920 жылғы құрылтайшы съезінде сайланған Советтік Социалистік Қазақ Республикасының алғашқы Орталық атқару комитеті (КазЦИК) мүшелері ағайынды Байсейіт және Дінмұхамед (Дінше) Әділовтер мен олардың үзеңгілестері туралы зерттеулер және қызықты да танымды естеліктер топтастырылған.

Кітап Отан тарихымен әуестенетін көпшілікке, зерттеушілерге, жастарға, студенттер мен оқушы­ларға арналған.

 

Балжан ХАБДИНА,

Баспа және полиграфия ісінің қайраткері