Таяуда Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Еуропалық одаққа мүше бірнеше мемлекетке жұмыс сапарымен барған-ды. Алайда Бейжіңнің ресми өкіліне қарт құрлық жылы шырай таныта қоймаған сияқты.

Ван Идің негізгі мақсаты осы жексенбіде өткен Еуропалық одақ басшылары мен Қытай арасындағы видеоконференцияға дайындық барысын пысықтау болатын. Алайда Қытайдың сыртқы істер министрін Еуропа елдері жылы қабылдай қойған жоқ.
Мәселен, Италияға сапары кезінде Ван Иге Гонконгтың автономиялық мәртебесі мен ондағы халықтың азаттығы туралы сұрақ қарша борады. Парижде қарт құрлықтың дипломаттары Бейжіңнің мұсылмандарды қудалауына байланысты саясатына алаңдаушылық білдірді.
Берлинде Германияның сыртқы істер министрі Бейжіңнен келген өкілге қатаң ескерту жасады. Бәріне кінәлі Ван Идің өзі. Неміс журналистеріне сұхбат беріп тұрған ол Чехия Сенатының президенті Милош Выстрчилдің Тайваньға барған сапарын сынға алды. Ван Идің айтуынша, Чехия осы қадамы арқылы Қытайға сатқындық жасап, 1,4 миллиард қытайлықтың жауына айналды. Сондай-ақ дипломат Чехия осы әрекеті үшін жауап беретінін де жеткізді. Бейжің билігі Тайваньді өз территориясы санайды. Бірақ Тайвань тәуелсіздігін жариялағанымен, Қытайдың қарсылығы салдарынан БҰҰ-да өз азаттығын мойындата алмай жүр.
Ван Идің Еуропа аумағында тұрып қарт құрлықтың өкіліне сес көрсетіп, астамсып сөйлеуі Германияның сыртқы істер министрі Хэйко Маасқа ұнаған жоқ. Өзіне сөз кезегі тигенде Маас мырза еуропалықтар әріптесе әрекет ететінін ескертіп, оның үркітуін негізсіз деп айыптап, қытайлық әріптесін тыйып тастады. Сондай-ақ Еуропалық одақ АҚШ-Қытай текетіресіндегі ойыншық емес екенін жеткізді.
Көп ұзамай-ақ Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің дипломаттары Ван Идің Чехияға сес көрсетуін айыптауға кірісті. Мәселен, Францияның сыртқы істер министрі оның сөзі қабылдауға келмейтінін айтты. Ал Францияның президенті Эммануэль Макрон мәлімдеме жасап, Еуропа елдерін 5G технологиясын өздері жетілдіруге шақырды. Яғни, қарт құрлық Қытайдың Huawei компаниясына сенім артпайтынын анық аңғартты.
Словакия президенті Сюзана Капутова Туиттердегі парақшасында «Еуропалық одақ пен Қытай арасындағы қатынас диалог пен өзара құрметке негізделген. Бірақ ЕО-ға мүше мемлекет пен оның өкіліне бағытталған қоқан-лоққы біздің әріптестігіміздің негізіне қарсы және ондай әрекетті айыптаймыз», деп жазды.
Чехия астанасы Праганың мэрі елдегі Қытай елшілігіне хат жіберіп, кешірім сұрауды талап етті. Чехия Сенатының президенті Милош Выстрчил Тайвань парламенті депутаттарымен кездесуінде «Мен тайваньдықпын» деп саңқ етіп, осы елдің азаттығы мен демократиялық құндылығын қолдайтынын жеткізді.
Жалпы, Қытай – Еуропалық одақтың басты сауда серіктестерінің бірі. Сондықтан шығар, бүкіл әлем Бейжің билігінің Тайваньның тәуелсіздігін мойындамауын, Гонконг билігіне араласуын, Шыңжандағы мұсылмандарды қудалауын, Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленістерді айыптап жатқанда қарт құрлықтың кей мемлекеттері пікір білдіруге асыққан жоқ.
Дегенмен, кейінгі кездегі Қытайдың саясаты еуропалық дипломаттарды «тойдырғанын» аңғару қиын емес. Мәселен, Huawei компаниясының 5G технологиясын қолданудан үмітті Германия да пікірін өзгертті. Оған қоса, Брюссель дипломаттары Еуропаға Қытайдан инвестиция тартудың орнына, оны шектеудің амал-шарғыларын қарастырып жатыр. Франция мен Германия дипломаттары Үнді-Тынық мұхиты аймағына ерекше көңіл бөле бастады. Яғни, мүмкіндігінше Қытайға тәуелді болмаудың жолдарын қарау үстінде.
Қысқасы, Ван Идің Еуропаға сапары Қытай Сыртқы істер министрінің нақты ештеңе ұсынбай, екіжақты қарым-қатынас туралы таптаурын әңгімені қайталай беруі адам құқығын бірінші орынға қоятын Батысқа аса ұнаған жоқ. Бұл жолы Еуропаның жауабы қатқыл шығуы да сондықтан. Ендеше, қарт құрлық Қытайға қатысты ұстанымын өзгертіп, жаңа бағытқа қадам жасағанын аңғару қиын емес.
Күрестен Алматыдағы лицензиялық турнирдің иегерлері анықталды
Күрес • Бүгін, 23:23
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 23:00
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Бүгін, 22:21
Қазақстан • Бүгін, 21:52
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Бүгін, 21:47
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Бүгін, 21:44
Аймақтар • Бүгін, 21:27
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Бүгін, 21:23
Руханият • Бүгін, 21:14
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Бүгін, 21:11
Кесенеден кешенге дейін: Жошы хан тарихи-мәдени нысанының құрылысы биыл аяқталады
Қазақстан • Бүгін, 21:08
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Бүгін, 21:05
Қазақстан • Бүгін, 21:01
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Бүгін, 20:56
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 20:47
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:08
Бозжырада құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталды
Туризм • Бүгін, 19:35
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 19:05
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Бүгін, 18:47
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Бүгін, 18:13
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Бүгін, 17:38
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Бүгін, 17:11
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Филипп ханзадамен қоштасу рәсіміне өзгеріс енгізілді
Әлем • Бүгін, 16:07
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Бүгін, 15:43
1 маусымнан бастап магистратураға түсуге өтініш қабылданады
Білім • Бүгін, 15:02
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Бүгін, 14:43
Аймақтар • Бүгін, 14:15
183 халықаралық байқаушы Қырғызстандағы референдумды бақылайтын болады
Әлем • Бүгін, 13:32
Қырғызстанда конституциялық референдум өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 13:22
Қазақстанға ұшып келген 28 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ
Қоғам • Бүгін, 13:07
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Бүгін, 11:06
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
Туризм • Бүгін, 10:12
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 10:00
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:37
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Кеше
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Кеше
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Кеше
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар