Оған аталған Агенттік төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КеАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, әкімшілік кедергілер, карантин кезінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстың нашар ұйымдастырылуы, заңсыз делдалдық қызмет көрсету, ақпараттық жүйелердегі техникалық олқылықтар, «электронды үкімет» порталындағы қолжетімсіз қызметтер бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тиімсіз жұмысы назарға алынды.
Бүгінде қызметтің 87,6%-ы (694 қызметтің 608 түрі) электронды түрде көрсетілуі тиіс. Алайда Агенттік 68 қызметтің халыққа қолжетімсіздігін анықтады. Мәселен, Білім және ғылым министрлігінде – 13, Қаржы министрлігінде – 13, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде – 11, Ауыл шаруашылығы министрлігінде – 8, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде – 5, Қорғаныс министрлігінде – 4, Ішкі істер министрлігінде – 4, Әділет министрлігінде – 2, Денсаулық сақтау министрлігінде – 2, Ұлттық экономика министрлігінде – 2, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде – 1, Мәдениет және спорт министрлігінде – 1, Энергетика министрлігінде 1 қызмет қолжетімсіз болыпты.
Мемлекеттік органдардың қысқа мерзімде электронды қызметтерін порталда, оның ішінде «Тыңдау» жобасы аясында түскен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы Д.Жазықбаев атап өтті.
Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев өз сөзінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер саласындағы бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын жою бойынша жүргізілген жұмысы өз деңгейінде болмағанын жеткізді. Нәтижесінде, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл жыл басынан бастап қызмет көрсетушілер жіберген бұзушылықтар саны 35% артып отыр (2020 жыл – 103 мың, 2019 жыл – 65 мың).
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қағазбастылық пен әкімшілік кедергілер жасауы, жергілікті жердегі мемлекеттік қызметшілер қашықтықтан жұмыс жасау режіміне толыққанды көшуді қамтамасыз етпегендігі туралы фактілер анықталды. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылып отыр. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін бірыңғай нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдау мен күшін жою орын алды.
Д.Жазықбаев Мемлекет басшысының Жолдауында халықтың электронды сервистермен іс-қимылын жеңілдету үшін биометрияны мемлекеттік қызметтер деңгейінде және жеке бизнесте кеңінен қолдану қажет екендігін атап өтті. «Электронды қызметтерге деген сұраныстың күннен-күнге көбейіп жатқанын ескере отырып, уәкілетті орган ЭЦҚ-ны қашықтықтан алуды смартфондар арқылы жүзеге асыруды пысықтау қажет деп пайымдаймыз. Сондай-ақ сұранысқа ие қызметтерді «электронды үкімет» порталының мобильді қосымшасы арқылы көрсетуді қарастыру қажет. Мемлекеттік қызметтер саласын цифрландыруға анықтамаларды және қызметтерді қағаз түріндегі баламасын жою да өз септігін тигізеді», деді Д.Жазықбаев.
Жиын соңында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, «ҰАТ» АҚ, Мемлекеттік корпорацияға анықталған бұзушылықтарды жою, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстарды көшейту, сондай-ақ халықпен кері байланыс жасау және әлеуметтік желілерде оларға жедел әрекет ету бойынша нақты ұсынымдар берілді.