Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Талдықорғанда жеке тұрғын үй нысанында өрт шықты

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласының жеке тұрғын үй нысанында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Талдықорғанда жеке тұрғын үй нысанында өрт шықты

Автокөлік гаражынан басталған өрт кейін көмір қоймасына өтіп, жалпы 40 шаршы метр аумақ отқа оранды. Сондай-ақ қоймада 2 тоннаға жуық көмір мен 20 литрлік сұйытылған газдан босаған баллон болған еді. Сөйтіп өрт кезінде от шарпыған баллон жарылып кетті. Әзірге зардап шеккендер жоқ. Құзырлы органдар оттың шығу себебін анықтап жатыр.