Осындай атпен елордада алғаш рет қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этностық топтар өкілдері фестивалінің концерті отті
Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Тілеп-Қобыз сарайында еліміз аймақтарынан іріктелген қазақ өнерін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің республикалық гала-концерті өтті. Оны Шығыс Қазақстаннан келген «Улыбка»
бишілер тобы ашты.

Күмбірлеген күйлер, әуелеген әсем әндер мен термелер жиылған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Дина Нұрпейісованың күйі «Науысқыны» халықаралық конкурстардың лауреаты Андрей Фендриков нақышына келтіре орындаса, домбырашылар Георгий Югай мен Ольга Желтухина «Ерке сылқым» мен «Адай» күйлерін тартқанда жиналған қауым бір серпіліп қалды. Батыс Қазақстаннан келген термеші қыз Надежда Сармина болса, Сүгір жыраудың термесін желдірте орындап, көрермендер көзайымына айналды.
Республикалық конкурстардың лауреаты Нина Моисеева Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау» әнін шырқаса, А.Дүйсеновтің «Тойға тілек» әні Патиза Болквадзенің орындауында өте әсерлі шықты. Игорь Благодарный, Роман Ким, Альбина Оганесян шырқаған әндер де тыңдарманын тамсантумен болды.
М.Ғұмарованың «Туған жер – Отан ана» әнін республикалық конкурстарда топ жарған әнші қыз Жанна Верещак ерекше шабытпен орындады. Ол бұл әннің үлкен сахнада алғаш рет шырқалып отырғанын жеткізді. Екібастұздан келген ару өнерді бес жасынан серік еткенін айта келе, әкем домбырада шебер ойнағандықтан, менің де өнерге құштарлығым ерте оянды, деді.
Фестивальға қатысқан барлық өнерпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».