Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы елорда тұрғындары арасында "Ең үздік жас отбасы" байқауының басталғанын хабарлады. Оған Нұр-Сұлтанда тұратын және конкурс басталғанға дейін ресми түрде тіркелген отбасылар қатыса алады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың бірінің жасы 29-дан аспауы керек. Байқау 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жас отбасы қатысуға өтініш жіберіп, бейне визиткасын жариялайды.
"Бейне визитканың тақырыбы – "Бұл жарыста неге біз жеңіске жетуіміз керек?". Ол Instagram-да #NSjastary, #Меніңотбасым, #Моясемья, #OtbasyBakytMekeny, #NSotbasy2020, #Отбасыкүні2020 хэштегтерімен жариялануы керек.
Байқауға қатысушылардың бейнематериалдары "қолданыстағы" парақшада жариялануы және инстаграм парақшасы ашық болуы керек. Ұзақтығы кем дегенде 1 минут және көп дегенде 3 минуттан аспауы керек.
Барлық сайыскер @ns_jastary, @elorda.otbasy инстаграм парақшаларына жазылуы тиіс.
Өтінімде келесі құжаттар болуы қажет:
– неке қию туралы куәліктің көшірмесі (балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі бар болса) (Elorda.otbasy@gmail.com электронды поштасына немесе Whats App арқылы +77772734383 (Камила) нөміріне құжаттың скриншотын жіберуге болады);
– байланыс ақпаратын (телефон нөмірлері, тұрғылықты жері, әлеуметтік желілердегі парақшалар, отбасы мүшелерінің саны) Elorda.otbasy@gmail.com электронды поштасына немесе +77772734383 (Камила) нөміріне Whats App арқылы жіберілуі керек", – деді жастар саясаты мәселелері басқармасында.
Жеңімпаздар тұрмыстық техникаларға және электроникаға арналған сертификаттар түріндегі сыйлықтармен марапатталады.
Жүлде қоры бірінші орынға – 500 000 теңге, екінші орынға – 350 000 теңге, үшінші орынға 250 000 теңге.
Финалға шыққан 7 отбасына ынталандыру ретінде 100 000 теңгеден беріледі.
Өтініш беру мен бейнематериалдарды жариялаудың соңғы мерзімі 2020 жылдың 20 қыркүйегі, сағат 20:00-ге дейін.
Қатысуға өтінім беру үшін немесе барлық сұрақтар бойынша Instagram-дағы @elorda.otbasy аккаунтына хабарласыңыз немесе +7 777 273 4383 нөміріне қоңырау шалыңыз.