Байқаудың мақсаты – облыстағы жастар саясатын дамытуға бағытталған жаңа идеяларға, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға көңіл аударып, оның облыс көлемінде іске асырылуына қолдау көрсету. Байқауға 18-29 жас аралығындағы 6 жас және 4 команда қатысты.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік, республикалық және халықаралық стартап-жобалардың жеңімпазы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсендісі Евгений Демиденко және «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Айбек Дайрабай болды.
Байқау қорытындысы бойынша Әбілқайыр Ерғалиев – І орынды, Әлфараби Ислам – ІІ орынды, Бексұлтан Тұрсын ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, ал «Ecoproject», «Clean World», «Helli», «Rise and fight» командалары және Әділхан Әжібеков, Баянсұлу Төлебай, Өтеш Жаснұр байқауға қатысқандары үшін Алғыс хаттармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сый-сыяпаттар табысталды.