М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа заңгерлік көмек көрсету мақсатында «TEGIN KENES» жобасын бастады. Енді Қазақстанның әрбір азаматы үйден шықпай-ақ білікті заңгердің кеңесін тегін ала алады.

Ол үшін ZOOM қосымшасын орнатып, сілтеме бойынша өту қажет: https://clck.ru/Qjy2P. Азаматтарды қабылдау виртуалды кабинетте дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00 - 18.00 аралығында өтеді.
«Әр адамға сапалы құқықтық кеңес қажет. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметтің басым міндеттерінің бірі – мұқтаж жандарға заңгерлік көмек беру деген болатын. Бірақ құқықтанушы мамандар қызметінің бағасы барлығына бірдей қолжетімді емес. Сауатты заңгерлердің кеңесі уақытында берілген болса, біраз кейстерді шешуге болатын еді», деп атап өтті клиницист-студент Рамазан Әзіретқұлов.
Заң клиникасы директорының айтуынша, азаматтық, отбасылық немесе еңбек мәселелері бойынша хабарласуға болады. Клиницист-студенттердің жауаптары алдын ала кәсіби заңгерлердің сапалық тексеруінен өтеді.
«Біз Қазақстанда «Волонтер жылы» жарияланғанға дейін де құқықтық еріктілер ретінде белсенді жұмыс атқардық. Биыл карантиндік шектеулерді ескеріп, қашықтан кеңес беруді қолға алып отырмыз. Арнайы әзірленген Zandar.kz сайтынан басқа, ZOOM платформасында виртуалды кабинет іске қосылды. Заң клиникасында тағылымдамадан өтіп жүрген студенттер жұртшылықты мазалаған сұрақтарға онлайн режімде жауап беруге дайын. Біз студенттеріміздің күш-жігері арқылы құқықтық волонтерлікті дамытып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосып қана қоймай, болашақ заңгерлерді әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелейміз», деп атап өтті КАЗГЮУ Заң клиникасының директоры Эстер Бабаджанян.
Көкшетауда жігіт сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Ұқсас жаңалықтар