Үкімет • 15 Қыркүйек, 2020

Заң жобасы әзірлендіі

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуына қатысты заң жобасын әзірледі.

Заң жобасы әзірлендіі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасы ел­дегі инновациялық белсенділікті арт­тыруға, сондай-ақ отан­дық әзірлеушілерді қолдаудың тиімді эко­жүйесін қалып­тастыруға бағытталған.

Сарапшылардың пікірінше, инно­ва­цияларды қолдау сапалы жаңа дең­гейге шығуы үшін осы бағыттағы қол­даныстағы нормаларды, оның ішінде инновациялық қызметті ынталандыру мен көтермелеуге қатысты нормаларды өзектендіру маңызды. Бұл ретте жұмыста халықаралық тәсілдерді қолдану және мемлекеттік инновациялық саясатты үйлестіруді күшейту міндетті өлшемдер болып табылады.

Жоба нормалары қабылданған жағ­дайда негізгі өзгерістер мен жаңалық­тар технологиялық платформаларды қалып­тастыру, корпоративтік инновацияларды, венчурлік капитал нарығын дамыту, стартаптар мен инновациялық компанияларды ынталандыру, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың тиімділігін арттыру және мемлекеттік саясатты іске асыруды институционалдық күшейту сияқты бағыттарда іске асырылады.

Заң жобасын әзірлеуге Заңды жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ве­дом­ствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен мақұлданған сараптама қо­ғамдастығының ондаған өкілі қатысты, нәтижесінде 160-қа жуық заңнамалық норма қалыптастырылды.

Қазақстандықтардың талқылауға қа­ты­суы үшін бұл нормалар «Ашық деректер» порталында орналастырылған. Заң жобасы бойынша ұсыныстар пор­тал арқылы 15 қыркүйекке дейін қабыл­данады.