Бірінші кезеңде жобаға шамамен 200 млн теңге инвестиция салынып, 40 жұмыс орны ашылды. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 160 мың орамнан астам майлық шығару.
DALSAN ЖШС фабрикасының өнімдері өндірістің барлық сатыларында сапаны тұрақты бақылауды қамтамасыз етіп, мемлекетаралық стандарттың талаптарын сақтай отырып, қазіргі заманғы еуропалық жабдықта түрік технологиясы бойынша өндіріледі. Бір реттік дымқыл майлықтар жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес шығарылады және бактерияға қарсы әсері бар жұмсақ матадан жасалады. Өнімдер корпоративті клиенттер нарығында, дәріханаларда, клиникаларда және дүкендерде сатуға арналған.
Екінші кезеңде түрік тарапы қосымша 3-4 млн доллар инвестиция құйып, гигиеналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орнының санын 100-ге дейін арттыру көзделген. Өндіріс «Оңтүстік» арнаулы экономикалық аймағында орналасқан. Жоба Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің, KAZAKH INVEST ҰК АҚ, «Оңтүстік» АЭА қолдауымен жүзеге асырылуда.
Бүгінде Қазақстан мен Түркия арасында агроөнеркәсіп кешені және тау-кен металлургия кешені, жеңіл және химиялық өнеркәсіп, көлік және инфрақұрылым, машина жасау, денсаулық сақтау, туризм, тұрғын үй құрылысы және т.б. салаларда ынтымақтастық орныққан. Қазір Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 2,5 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді.
«Қазақстан тәуелсіздік жылдарында экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, бәсекелестік жағдайлары мен тиімді экожүйесі бар қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырды. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасында табысты да жоғары деңгейдегі әріптестік қарым-қатаныс қалыптасты. Былтыр елдер арасындағы өзара сауданың 3,1 млрд долларға өсуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жоғары қарқынының дәлелі. Сонымен қатар соңғы үш жылда тауар айналымы 6,9 млрд долларға жетті», деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров нысанды іске қосу барысында.
Сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы түрік инвесторларының жоғары қызығушылығын атап өтті. «Жаһандық коронавирус пандемиясының халықаралық экономикалық қарым-қатынастар мен шетелдік инвесторларды тартуға барынша кедергі көрсеткендігіне қарамастан, құрылған инвестицияларды тартудың сыртқы, орталық және аймақтық үш деңгейлі жүйесі мен ортақ келісілген әрекеттер арқасында бұл бастама бүгінде сәтті жүзеге асырылды. Бұл – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылып отырған үшінші түркиялық инвестициялық жоба. Түркиялық инвесторлар бұған дейін «Оңтүстік» АЭА кілем мен аяқ киім өндірісін құрған болатын», деді А.Сапарбекұлы.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өз кезегінде қалада қолайлы инвестициялық ахуал жасау жұмыстары туралы айтып берді.
«Шымкентте өнеркәсіптің дамуына барынша қолайлы жағдай жасалуда. Қазір 2 индустриалды, 1 сауда-логистикалық және бір арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп тұр. Онда жалпы құны 270 млрд теңгені құрайтын 176 жоба жүзеге асуда. 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. Күні кеше агроиндустриалды аймақтың құрылысы басталды. Сондай-ақ «Жұлдыз» индустриалды аймағын ашу да жоспарланып отыр», деді М.Әйтенов.
Қазір Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында түрік кәсіпкерлерімен бірлескен 20 жоба іске асырылуда. Жобалар құрылыс және оны пайдалану, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және қайта өңдеу, геологиялық барлау, медицина, жабдықтар өндірісі, тамақ өнеркәсібі саласында сәтті іске асырылуда.
«Біз инвесторларға көрсетілетін қызметтердің тізімі бойынша 24/7 режімінде кез келген мәселеде серіктестер мен инвесторларға көмек көрсетуге, сондай-ақ инвестициялаудан кейінгі сервистік қолдау құралдарын ұсынуға дайынбыз», дейді KAZAKH INVEST ҰК АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев.
Инвестор өз кезегінде кәсіпорынның жоспарымен бөлісті:
«Бүгін біз арнаулы экономикалық аймақ аумағында жобаны іске қосамыз, алдағы уақытта өндіріс қуатын арттырып, өткізу нарықтарын игеруге ниеттіміз. Біздің өніміміз бәсекеге қабілетті болатынына және халықтың осы өнімге деген қажеттілігін қамтамасыз ететініне сенімдіміз. Бүгінгі іске қосу жемісті бірлескен жұмыстың нәтижесі ғана емес, біз үшін Қазақстанға келуіміздің өзіндік бастамасы болып табылады», деп атап өтті «Dalsan» ЖШС құрылтайшысы Халил Дал.
ШЫМКЕНТ