
Осы уақытқа дейін телеарналарда шетел кинолары басымдыққа ие болып келе жатқаны анық. Телеарналар бір-бірімен жарысып, әсіресе, түрік пен корей телехикаяларын көрерменге ұсынып келген болатын.
Солардың бірі – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы да 2006 жылдан бастап түрік пен корей туындыларын көрсетіп келсе, енді осы қараша айының 11 жұлдызынан бастап, ұлттық телеарна шетелдік телехикаялардың қомақты бөлігін азайтып, отандық телехикаялардың санын арттыруды көздеп отыр.
Осы уақытқа дейін телеарналарда шетел кинолары басымдыққа ие болып келе жатқаны анық. Телеарналар бір-бірімен жарысып, әсіресе, түрік пен корей телехикаяларын көрерменге ұсынып келген болатын.
Солардың бірі – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы да 2006 жылдан бастап түрік пен корей туындыларын көрсетіп келсе, енді осы қараша айының 11 жұлдызынан бастап, ұлттық телеарна шетелдік телехикаялардың қомақты бөлігін азайтып, отандық телехикаялардың санын арттыруды көздеп отыр.Бұл туралы «Қазақстан» Ұлттық телеарна басшылары арнайы өткізген брифингте мәлім етілді. Олардың айтуынша, 2009 жылы ұлттық телеарна тұңғыш отандық өнім – «Ағайынды» телехикаясын көрсетсе, соңғы жеті жыл ішінде телеарнаның ішкі өнімдерінің саны да, сапасы да үздіксіз артып, отандық телехикаялардың қомақты қоры қалыптасыпты. Мәселен, 2010 жылы 84 бөліктен тұратын екі сериялы кинотуынды көрсетілсе, ал 2011 жылы ол жеті сериал болып, 2012 жылы бұл көрсеткішті екі есеге арттырып, 14 сериал көрерменге жол тартқан.

Ал биылғы жылы ұсынылған «Туған елдің түтіні», «Ұлжан», «Парыз», «Көк тарландары», «Өмір өткелдері» және тағы басқа да телехикаяларды көрермендер жылы қабылдап, ұлттық арнаның арнайы тапсырысымен түсірілген телехикаялардың рейтингі 2011 жылдан бастап тұрақты түрде өсіп келеді. Толықтай қазақ тілінде хабар таратуға көшкен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының 100 мыңнан астам тұрғындары бар елді мекендер арасында көрсетілімі 55 пайызға, ал орташа тәуліктік үлес көрсеткіші мен рейтингісі 47 пайызға өссе, оның өсуіне отандық телехикаялардың қосқан үлесі қомақты көрінеді.
Биылғы жылы 12 жаңа бағдарламаны өндіріске енгізген телеарна алдағы жылы шетел киноларын 65 пайызға қысқартып, одан үнемделген мол қаражат отандық өнім мен басқа да бағдарламаларды түзуге мүмкіндік береді екен.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.