Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнда атыңызға тіркелген салық салу объектілері (мүлік, жер, көлік құралдары) туралы мәліметтерді көре аласыз. Салық салу объектілері бойынша қате мәліметтер мәселесін шешу үшін деректерді түзету қызметі енгізілген. Яғни 2020 жылдың
7 қыркүйегінде көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функциясы іске қосылды. Сондай-ақ 2020 жылдың 11 қыркүйегінде мүлік салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функциясы іске қосылды.
Енді сіз электронды өтінімдерді «Салық әмияны» арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАО) нысандар туралы ақпаратты жаңарту үшін бере аласыз. Жер салығы бойынша салық салу объектілері туралы деректерді түзету қызметі 2020 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады.
Сонымен бірге жылжымайтын мүлік және жер салығы бойынша алдағы төлемдер туралы «Салық әмияны» арқылы білуге мүмкіндік бар. 2020 жылдың 1 қазанына дейін меншігінде жер телімдері мен жылжымайтын мүліктері бар барлық жеке тұлғалар 2019 жылға мүлік салығын және жер салығын төлеуі керек.
«Салық әмияны» қызметінде осы салықтарға есептелген сомалар туралы ақпаратты көре аласыз. Бұл деректерді және e-Salyk мобильдік қосымшасындағы ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу бойынша ашық қызметін пайдалана отырып немесе сол мобильді қосымшадағы «Салық әмияны» қызметінің жеке кабинетіндегі «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімінде көруге болады. Сонымен қатар есептелген сомаларды екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпочта» АҚ төлем карталары арқылы алдын ала толтырылған деректемелерді пайдалана отырып төлеуге болады.
E-Salyq қосымшасын Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп алуға болады.