Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

Вандализм актісі жасалғаны анықталды

858 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы бір молада марқұм болған жандардың басына қойылған ескерткіш белгілер мен қоршаулар бұзылғаны туралы полицияға дабыл түскен. Жедел жеткен аудан полицейлері 12 құлпытас пен қоршаудың бұзылғанын тіркейді. Бір ескерткішке акрил бояуы құйылған. Бұдан басқа молада орналасқан шағын шіркеудің терезе шынылары шағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вандализм актісі жасалғаны анықталды

Полицейлер бірнеше күн бұрын мола маңында көзге түскен 10-12 жасар үш жасөспірімді анықтады. Күдіктілер өздерінің аталған фактіге қатыстылығын мойындады. Балалардың санасына өлген адамдарға деген құрметтің егілмегендігі, зират, мола маңына барғанда жүректе өмірден ерте кеткендерге, туыстарына деген аяныш, өкініш сезімі болуы керектігі айтылмағандығы осыдан көрініп тұр. Еріккен балалар басқа ермек таппай өздеріне қарсылық көрсете алмайтын моланы талқандағаны сол. Бұл мәселені полиция ғана емес жергілікті оқу бөлімі де талқылап, оқушылардың санасына мола маңының тыныштығын бұзбау туралы тәрбиелік сағаттар өткізгені дұрыс-ақ.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қосымша тергеу әрекеттері жүргізілуде, аталған амалдар аяқталған соң түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қайтыс болған адамдар жерленген жерлердi қорлау фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді", - деді Айыртау ауданы ПБ бастығы Абылғазы Ғабдуллин.