Президент • 16 Қыркүйек, 2020

Бәсекелестікті дамытудың ұлттық жобасы әзірленеді

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бәсекелестікті дамытудың ұлттық жобасы әзірленеді

Серік Жұманғарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алдағы жұмыс жос­парымен таныстырды. 

Президентке еліміздегі бәсекелес­­тікті дамыту, оған қолайлы жағдай жа­­сау және ұлттық идея ретінде қабыл­­­дау мақсатында атқарылатын іс-ша­­­ралар туралы баяндалды. Осы мақ­­сатта барлық салалар мен аймақ­тар­ды қамтитын бәсекелестікті дамыту жө­нінде Ұлттық жоба әзір­ле­неді. Салалық және аймақтық бәсе­ке­лес­тік талаптары жасалады.

Агенттік төрағасы Мемлекет басшысына жаңа құрылымның қызметін ұйымдастыру жоспары туралы айтты. Әсіресе тұтынушылардың талабын қана­ғаттандыру, экономиканың тұрақты өсімі мен дамуын қамтамасыз ету, нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық берілмек.

Президент халықаралық нарықтағы озық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, Қазақстанда дұрыс бәсе­ке­лестік қалыптастыру маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік басшысына Қа­зақ­стан халқына арнаған Жолдау­ын­­дағы бәсекелестікті қорғау және эко­но­ми­каның тиімділігін арттыруға бағыт­талған тапсырмаларды орын­даудың маңыздылығына тоқталды. Жолдау жүктеген міндеттерді орындау бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.