*Алматыда жыл басынан бері 18 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Кеше бұл туралы мәлімдеген қала әкімі Ахметжан Есімов оңтүстік астанада экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі 0,2 пайызды қамтып отырғанын айтты.
*Алматыда жыл басынан бері 18 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Кеше бұл туралы мәлімдеген қала әкімі Ахметжан Есімов оңтүстік астанада экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі 0,2 пайызды қамтып отырғанын айтты.
*Кешеден бастап «Алматы-2 – Арыс-1» бағытында қосымша жедел жолаушылар пойызы іске қосылды. Ол аптасына бір рет, Алматы-2 стансасынан жұма, Арыстан сенбі күндері аттанады. Состав құрамында 10 вагон, оның ішінде 5 купе, 5 плацкартты вагон бар.
*Павлодарда «Инновация – болашақ энергиясы» атты халықаралық инновациялық форум болды. Оның пленарлық отырысында облыс әкімі Ерлан Арын: «Біз жағымды инновациялық климатты қалыптастыруға, өңірімізге орасан зор экономикалық әлеует пен бай табиғи ресурсы бар шетелдік, отандық және қаржылық орталықтарды тартуға қызығушылық танытамыз» деп атап өтті.
*Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында мұқтаж жандарға пәтер кілттері тапсырылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Жасампаз істер – ауыл келешегінің қамы үшін» атты керуен жұмысының аясында өткен шарада, сондай-ақ, оларға түрлі көлемде материалдық көмек ұсынды.
*Шымкентте қаланың ең қарт тұрғыны және жас сәбиіне құрмет көрсетілді. «Қала күні» мерекесі аясында өткен шарада шаһар басшысы Дархан Сатыбалды бастаған құттықтаушы топ 104 жастағы Назым Мәмбетәли әжейдің шаңырағында болып, сый ретінде үй кинотеатрын тарту етті. Ал 28 қазан күні дүниеге келген қаланың ең жас тұрғыны Қасымжомарт Шіренбайға өзіне лайықты сый-сияпат жасалды.
*Қызылордада мұнай компаниялары тұмауға қарсы вакцина егуге қаражат бөлді. Бұл туралы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.
*Атырау облысы Жылыой ауданында апатты үйлер тұрғындары баспанамен қамтамасыз етілді. Осы мақсатта, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы мен «Теңізшевройл» компаниясының келісімшарт жасасуы арасында 195,0 млн. теңгеге Құлсары қаласынан 64 пәтер сатып алынды.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.