Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ЖРВИ, тұмаудың алдын алу және 2020-2021 жылдардағы эпидемиялық кезеңге дайындық барысымен таныстырған Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ж.Бекшин 15 қыркүйектен бастап алматылықтарға тұмауға қарсы екпе салуға байланысты мәліметтермен бөлісті.

Қаладағы эпидемиялық ахуалдың тұрақты екенін баяндаған Ж.Бекшин «Өткен аптадағы мәліметтер бойынша қалада жұқпалы респираторлы вирустық инфекция жұқтырғандар саны – 1219. Көрсеткіш алдыңғы аптамен салыстырғанда 25 пайызға төмен. Алайда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауру белгілері 21 пайызға жоғары болып отыр. Вирус жұқтырғандардың 62 пайызын балалар құрайды», деп атап өтті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша алдағы күз-қыс маусымында тұмаудың екі A типті Гуандонг-Муанон (H1N1) pdm09 және Гонконг (H3N2), B типті Washington Линия Виктория және Пхукет Линия Ямагата штамдары айналымда болады. Бұл штамдардың алғашқы 3 антигені елімізде егілетін Грипол+ вакцинасының құрамында бар.
Жыл сайын эпидемиялық маусымның алдында республика көлемінде, соның ішінде Алматы қаласында тұмауға қарсы тегін екпе медицина қызметкерлері, Балалар үйінің, мектеп-интернаттағы балалар, иммун жетіспеушілігі, әлсіз және жиі ауыратын жасы 6 айдан асқан балалар, қарттар және мүгедектер үйіндегі контингенттер, 2-3-ші триместрдағы жүкті әйелдерге салынады. Ж.Бекшиннің айтуынша, биыл жергілікті әкімшіліктің қаражатына 130 мың доза көлемінде үш валентті Ресейде өндірілген Гриппол плюс вакцинасы сатып алынған. Вакцина салынғаннан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасып, тұмау маусымының аяғына дейін өз күшінде болады. Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 100 мың доза Гриппол Плюс вакцинасы (Ресей Федерациясында өндірілген) сатып алынса, биыл 430 мың доза алу жоспарланып отыр. Былтыр қала тұрғындарының 10,3 пайызы (200747), оның ішінде 100 мың адам, яғни «тәуекел тобына» жататындар жергілікті бюджет есебінен, 93 633 мың адам жұмыс берушілер есебінен, 7114-і ақылы негізде жекеменшік медициналық орталықтарда вакцина салдырған. Биыл да қаладағы жеке- меншік медициналық орталықтарында өз есебінен және әртүрлі салаларда еңбек ететіндер жұмыс берушінің есебінен екпе салдырады.
«Қала тұрғындары арасында ЖРВИ, тұмаудың алдын алу және эпидемиялық жағдайды қалыптастыру мақсатында ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету жұмыстары қолға алынған. Департамент пен Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының бірлескен бұйрығы аясында және денсаулық сақтау мен білім беру ұйымымен бірлесе ведомствоаралық кешенді жұмыс жоспары дайындалды. Емханаларда дене қызуы көтерілгендер жеке қабылдауда болса, жүкті әйелдерді бақылау күшейтіледі. ЖРВИ, тұмаумен ауырғандардан қоңырау қабылдау үшін 116 телефоны және үй жағдайында медициналық қызмет көрсетуге 92 автокөлік бөлінді. Ауруханаларда науқастарды емдеу үшін 485 қосымша орын бөлінді. Қаладағы медицина ұйымдары мен дәріханалар бір реткі бетперде, залалсыздандыру, тұмауға қарсы препараттардың керекті қорымен қамтамасыз етілген. Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалы зертханалық тексеру жүргізуге тест жүйелерімен жабдықталды. Балалар ұйымдарында және мектептерде науқастарды дер кезінде анықтау үшін таңертеңгілік фильтрлердің жұмысы күшейтілді» деп атап өтті Ж.Бекшин. Ал тұмау жұқтырған жағдайда ата-аналар балаларын бала-бақшаға, мектепке жібермеуі керек.
Маусым кезінде тұмаудан сақтану үшін дәрігердің рұқсатымен вирусқа қарсы жақпамайларды (оксалин, антивир және басқалары), поливитаминдерді, сонымен қатар иммунитетті көтеретін ақуыз, витаминдерге және минералды заттарға бай пияз, сарымсақ, сондай-ақ табиғи фитонцидтер, шөптер, қарақат, итмұрын сияқты өнімдерді қолдану қажет, деп атап өткен Ж.Бекшин осы кезеңде әлеуметтік ара- қашықтықты сақтауды, науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу мен адамдар көп жиналатын жерлерге бармауды ескертті. Сонымен бірге маусымға сай киіну, бетперде, дезинфекциялық құралдарды пайдалану, қолды жиі жуу, сақтық шаралары да аса қажет.
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Бүгін, 21:44
Аймақтар • Бүгін, 21:27
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Бүгін, 21:23
Руханият • Бүгін, 21:14
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Бүгін, 21:11
Кесенеден кешенге дейін: Жошы хан тарихи-мәдени нысанының құрылысы биыл аяқталады
Қазақстан • Бүгін, 21:08
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Бүгін, 21:05
Қазақстан • Бүгін, 21:01
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Бүгін, 20:56
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 20:47
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:08
Бозжырада құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталды
Туризм • Бүгін, 19:35
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 19:05
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Бүгін, 18:47
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Бүгін, 18:13
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Бүгін, 17:38
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Бүгін, 17:11
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Филипп ханзадамен қоштасу рәсіміне өзгеріс енгізілді
Әлем • Бүгін, 16:07
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Бүгін, 15:43
1 маусымнан бастап магистратураға түсуге өтініш қабылданады
Білім • Бүгін, 15:02
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Бүгін, 14:43
Аймақтар • Бүгін, 14:15
183 халықаралық байқаушы Қырғызстандағы референдумды бақылайтын болады
Әлем • Бүгін, 13:32
Қырғызстанда конституциялық референдум өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 13:22
Қазақстанға ұшып келген 28 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ
Қоғам • Бүгін, 13:07
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Бүгін, 11:06
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
Туризм • Бүгін, 10:12
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 10:00
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:37
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Кеше
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Кеше
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Кеше
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі Швецияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар