Бүгінде Ақтөбе облысының астықты аудандары – Алға, Әйтеке би, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Хромтау аудандары егін оруды аяқтауға жақындады.

Шаруалар қыркүйектің соңғы күндеріне дейін ауа райы бұзылып кетпесе, жұмысты толық аяқтаймыз деп отыр. Әйтеке би ауданының шаруа қожалықтары көктемде 219 мың гектарға дән сепкен болса, оның 168 мыңы – дәнді дақыл, 17 мыңы – мал азығы, 4 мыңы майлы дақылдар болатын. Алайда жаздағы қуаңшылық егін шығымдылығына әсер еткендіктен, аудан алқаптарында биылғы астық түсімі гектарына 6 центнерден айналып отыр.
Мәртөк ауданында 126 мың гектар алқапқа егіс егілсе, оның 62 мың гектары – дәнді дақыл, 195 гектары – тары, 5142 гектары – күнбағыс пен жүгері. Ауданда арпа-бидай егіп, көкөніс өсіретін 186 шаруа қожалығы тіркелген. Жері құнарлы Мәртөк ауданының егіншілері күздік бидай, тары, жүгері, күнбағыс өсіруді жақсы жолға қоя бастады. Соның ішінде жүгеріні сығымдалған күйінде экспорттау жақсы табыс көзі екенін түсінді. Осы ауданда тауарлы сүт фермаларының көбеюіне байланысты ірі қара азығы үшін күздік бидай егістігі көлемі ұлғайып келеді. Мәртөк ауданының шаруалары биыл күздік бидай дәнін көбірек себуге әзірленсе, ал ерте көктемде еккен осы дақылдың қазіргі өнімі әр гектарға 13,5 центнерден келіп отыр.
Қобда, Мәртөк, Қарғалы аудандары 30 жыл бұрын көкөніс өсірумен әйгілі болса, соңғы жылдары осы дақылдарды егуді мүлде ұмытты деуге болады. Осы кезге дейін жергілікті рынокты Ресей Федерациясының Астрахань, Орынбор, Самара облыстарының көкөністері мен сүт өнімдері жаулап алса, қазір ауылдағы қожалықтардың өнімдері Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарындағы дүкен сөрелеріне түсіп жатыр.
Осылайша індетке байланысты Ресейден картоп, сәбіз, қырыққабат әкелінбегендіктен, Ақтөбенің супермаркеттері мен базар сөрелерінде жергілікті өнімдердің саудалана бастағаны ауылдағы шаруа қожалықтарын ынталандырудың тиімді жолы болды деуге болады.
Дегенмен, егін орағы толық аяқталған соң өңірдегі қожалықтардың жұмыстарына толық талдау жүргізіліп, қожалық иелерінің бәрімен ашық әңгіме өткізу қажеттігі басы ашық мәселе болып отыр. Өйткені, шаруалары келіспей отырған ұсақ шаруашылықтар иелерінің жерді пайдалану, субсидия алу, техника лизингіне қатысты мәселелері өте көп.
Ақтөбе облысы
Әлемде коронавирустан 6,2 млн адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 17:10
Референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асырады - Ерлан Қошанов
Парламент • Бүгін, 16:57
Әлем • Бүгін, 16:37
Конференция лигасының жеңімпазы анықталды
Спорт • Бүгін, 16:32
Қаржы • Бүгін, 16:25
Қазақстан бірнеше елмен сауда көлемін арттырды
Қоғам • Бүгін, 16:13
Жануарлардың күтімін бақылайтын инспекторлар пайда болады
Қоғам • Бүгін, 15:58
Ералы Тоғжанов кімдердің жалақысы артатынын айтты
Қоғам • Бүгін, 15:52
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 15:40
Қазақстанда ұн бағасы 23 пайызға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:27
Қазақстан ЕАЭО елдеріне қандай тауар түрлерін экспорттайды
Қоғам • Бүгін, 15:19
Бивол Джошуа Буатсимен күш сынасуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президент • Бүгін, 14:59
Алматыда пара алған емхана меңгерушісіне сот үкімі шықты
Қоғам • Бүгін, 14:47
Мәулен Әшімбаев халықтың табысын арттырудың жаңа тәсілдері туралы айтты
Парламент • Бүгін, 14:40
Бельгияда маймыл шешегінің 6 дерегі тіркелді
Әлем • Бүгін, 14:35
Референдум: Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады
Әлем • Бүгін, 14:22
Жамбылда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:12
Мемлекет басшысының Қырғызстанға сапары барысында 10 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 14:03
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:56
Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 13:47
Иранда 10 қабатты ғимарат құлап, жүздеген адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 13:35
Референдум: Конституцияда не өзгеруі мүмкін?
Референдум-2022 • Бүгін, 13:21
Елімізде 2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны ашылады
Үкімет • Бүгін, 13:10
Біртанов Бас прокурордан мемлекеттік айыптаушыларды ауыстыруын сұрады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Есірткі сақтаған шымкенттік тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:45
Зейнетақы төңірегіндегі теңсіздіктер қайтсе жоғалады?
Қоғам • Бүгін, 12:37
Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді
Спорт • Бүгін, 12:28
Елімізде 280 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады
Қоғам • Бүгін, 12:22
Қызылордада қала тазалығына жауапты жұмысшылар автобуста тегін жүреді
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Қазақстан мен Қырғызстан Президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:06
Артық төленген утиль алымды қайтаруға өтінім қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 11:57
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 11:52
Екібастұзда 5 жастағы бала терезеден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:47
Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
Парламент • Бүгін, 11:42
Сенегал ауруханасындағы өрттен 11 нәресте қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:35
Алматыда лауазымды тұлғалар 50 млн теңге ұрлаған
ANTIKOR • Бүгін, 11:30
Қарағандыда заңсыз покер клубы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 11:22
БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ауысты
Тағайындау • Бүгін, 11:17
Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін сатады
Парламент • Бүгін, 11:03
Ұқсас жаңалықтар