Баспа басшысы Райса Қадірдің айтуынша, 13 қыркүйекте әлем бойынша Даһл күні аталып өтеді екен. Сондықтан қазақ тіліндегі "Чарли және шоколад фабрикасы" осы мерекеге орайластырып жарық көріген.
"Чарли және шоколад фабрикасын» дүниедегі ең тәтті туынды деп айтар едім. Оқып отырғанда шоколад дәмін сездіріп, тіл үйіретін шығарма. Бұл – қазақ тілінде алғаш рет Даһл әулетінің және атақты иллюстратор Күентин Блэйктің ресми рұқсатымен шығып жатқан басылым", дейді Райса Қадір.
Ол Руал Даһл мен Күентин Блэйктің өнері біріккенде, керемет симбиоз пайда болғанын айтады.
"Чарли және шоколад фабрикасын" қазақ тіліне лексикограф, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Үрила Кеңесбаева аударған. Ал редакторы – Назгүл Қожабек.
"Кітап өте қарапайым ағылшын тілінде жазылғанын атап өткен дұрыс. Зерттеушілер автордың қолданған сөзі екі мыңның ар жақ-бер жағында дегенді айтады. Қазақша нұсқасы да тілі жеңіл, ұғынықты болып шықты. Бұл аудармашы мен редакторымыздың жоғары деңгейдегі маман екенін дәлелдейді", дейді Райса Қадір.
Баспа басшысы кітаптың балаларға арналып жазылғанына қарамастан, оқырмандардың көбі ересек адам екенін айтады. Оған кітапта өрбіген оқиғаның қызықтырып, елітіп әкетуімен қатар, үлкен ой салады.
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабына Steppe & WORLD Publishing баспасының әлеуметтік желілердегі парақшалары (Facebook, Instagram) арқылы, сондай-ақ whatsapp мессенджерімен +7 700 246 35 30 нөмірі бойынша тапсырыс беруге болады.