Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Халықаралық достық академиясы мен қалалық «Достық» үйі бірлесе отырып, «Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау» тақырыбында республикалық дәріс өткізді.

Іс-шара барысында Еуразия кеңістігіндегі этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің озық қазақстандық үлгісі сөз болды.
Республикалық дәрісті «Достық» үйіндегі этномәдени бірлестік, өнер және ғылым зиялылары жастарға арнады. Дәріс оқығандар қатарында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті О. Шәріпбаев, «Семей қалалық тәуелсіз әлеуметтану орталығының» төрағасы А.Коновалов, Қазақ әлеуметтік орталығының төрайымы Ш.Жанаева болды.
Дәріс жергілікті жерде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін іске асыру барысында туындаған өзекті мәселелерді шешу жолдарын көрсету, тәжірибе алмасу, оқыту мақсатында өткізілді. Сондай-ақ, этносаралық толеранттылықты қалыптастырудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі мен қазақстандық патриотизм арқылы қоғамдық келісімді, толеранттылықты дамытудың жай-жапсарлары талқыланды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.