Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін облыста сыйымдылығы 2 мың басқа арналған 6 тауарлы-сүт фермасын пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 8 айдың қорытындысы бойынша облыста 547,5 мың тонна сүт өндірілді. Оның 89,0 мың тонна сүті тауарлы-сүт фермасына тиесілі.
Өткен жылы облыста 788,2 мың тонна сүт өндірілгенін, оның ішінде 87,2 мың тоннасы тауарлы-сүт фермаларында өндірілгенін атап өткен жөн. 2020 жылға арналған сүт өндіру жоспары 816,7 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тауарлы-сүт фермаларының үлесі 92,0 мың тонна.