Кәсіпкерлер палатасының Атырау облысындағы Өңірлік кеңесінің бірінші отырысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев бизнесмендермен өңірді дамытудың келешегіне қатысты өз пікірлерімен бөлісті.
Кәсіпкерлер палатасының Атырау облысындағы Өңірлік кеңесінің бірінші отырысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев бизнесмендермен өңірді дамытудың келешегіне қатысты өз пікірлерімен бөлісті.
«Біз Атырау облысының ерекше рөлін ескереміз. Өңірде еліміздің ІЖӨ-сінің 10 пайыздан астамы өндіріледі. Осы өңірде «Қашаған» кен орны өндірісін есепке алғанда мұнайдың жартысына жуығы өндіріледі. Өте маңызды өңір, өңірдің бизнесі де белсенді. Менің мәліметтерім бойынша, ШОБ саласына 90 мыңға шамалас адам қамтылған. Халық саны есебіне шаққанда, бұл – өте жақсы көрсеткіш», – деді Тимур Құлыбаев.
ҰКП президиумының Төрағасы Атырау облысы әкімдігінің мұнай-газ секторындағы компанияларға тауарлар өндіру мен қызмет көрсетуге өңірдің ШОБ өкілдерін тарту үшін жер қойнауын пайдаланушылармен белсенді жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.
«Дегенмен, Атырау облысында экономиканың басқа секторларының да келешегі бар екенін көріп отырмыз. Мысалы, алдағы уақытта дамитын мұнай-химия кластері. Бұл негізгі мұнай-химия өнімдерін; полипропилен, полиэтилен, бутадиен өндіруге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, Атырау облысының халқының жартысынан астамы ауылды аймақта тұрады. Ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі мен оларды қайта өңдеуді жолға қою үшін біздің мүмкіндіктерімізді «ҚазАгро» және басқа да даму институттарымен үйлестіру қажет», – деді Тимур Құлыбаев.
ҰКП президиумының төрағасы өз сөзінде Қазақстан бизнесмендерінің кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған барлық бағдарламалар жайында толық ақпараттандырылып отыруы жолында Палата мамандарының барынша күш салатынын да айтты.
«Мемлекет қандай қолдау көрсетуге дайын екені, қандай құралдар бар екені туралы кәсіпкерлерді ақпараттандырып отырамыз. Бизнесмендердің өздерін сенімді сезінуіне, әртүрлі жобаларға инвестициялық қаражаттар салуына қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», – деді сөз соңында Тимур Құлыбаев.