Сайып келгенде, Алматы қаласының экологиясын жақсарту ісінде маңызды қадам жасалуда. Өйткені атмосфералық ауаның сапасына жұмысы кері әсер ететін нысандар қалада баршылық (автокөлік, қоғамдық көлік және жеке сектордың ауаға зиянды шығарулары, жылу мен энергияны көмір жағу арқылы өндіретін өзге де кәсіпорындар). Оның үстіне, қаланың алдында көгалдандыруға, жел режімін ескере отырып құрылыс жүргізуге, отынның сапасына және т.б. байланысты мәселелерді шешу тұр.
ЖЭО-2-ні жаңғыртудың көптеген нұсқасы қарастырылды. «АлЭС» АҚ-тың тапсырысы бойынша бұл жұмысты энергетика саласында құрылыс жүргізудің 60 жылдық тарихы бар, жылу энергетикасы саласындағы жобаға дайындық және жобалау жұмыстарының кең ауқымын атқаратын «ҚазЭнергоөнеркәсіптікҒЗЖІ» жобалау институты жүргізді.
ЖЭО-2-ні табиғи газ жағуға көшіру атмосфераға зиянды заттар шығаруды азайтудың және станса әсерін тигізетін аумақта ауаның сапасын жақсартудың ең тиімді жолы екені күмәнсіз. Сол арқылы атмосфераға ластаушы заттар шығарудың жылдық саны 80%-дан астамға қысқарады.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ тарифтік салмақтың мейлінше төмендеуі міндетті түрде қамтамасыз етілуін және жобаның толық ақталуын ескере отырып, оны қаржыландырудың тиімді көздері мен қаржыландыру тәсілдерін тарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша компания жылу және электр энергиясының негізгі тұтынушылары болып табылатын қала тұрғындарының барлық мүдделерін ескереді.
Айта кетелік, Алматы ЖЭО-2 – Қазақстандағы электр және жылу энергиясын қатар өндіретін аса ірі жылу стансасы. Станса Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді. ЖЭО-2-нің белгіленген электрлік қуаты 510 МВт-ты, жылулық қуаты 1411 Гкал/сағатты құрайды.