Пікір • 17 Қыркүйек, 2020

Серіктестікке серпін беретін құжат

183 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Менің ойымша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында коронавирус пандемиясынан кейінгі елдің жағдайын түзеу жолдары мен мақсаттарын нақты көрсете білді.

Серіктестікке серпін беретін құжат

Президент Қ.Тоқаев Жол­дауда көрсеткендей, постко­ро­на­вирустық және бүгінгідей әлемдік тәртіп қалыптастыру кезеңінде ұзақ мерізімді ұлт жоспарын да­йындау, институционалды рефор­малар жүргізу жаһандық бәсе­келестік жағдайында басымдыққа ие болудың маңызды талабы саналады. Осы ретте мен Мемлекет басшысының мемлекеттік аппа­ратқа қатысты түбегейлі реформасын, мемлекеттік қызметкерлер санын қайта қарау, сонымен бірге шынайы бәсекелестікті қам­та­масыз ететін орта тудыру, жеке кәсіпкерліктің маңызын және нарықтың тиімділігін артты­руды көздеуді қамтыған экономи­каның 7 негізгі бағытын жоғары бағалаймын. 

Корея Республикасының үкі­меті Қазақстан Президентінің Жол­дауында көрсеткен міндет­терін жүзеге асыру жолында серік­тестігін жалғастырмақ. Жол­дауда денсаулық сақтау, медици­на инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде инфекциялық ауруха­налар құрылысы мен меди­цина қызметкерлерін даяр­лауға қатысты бірқатар тапсыр­ма айқындалған. Корея Респуб­ли­касы медицина әлеуеті мен жұқ­палы аурулармен күрес бо­йынша алдыңғы қатарлы елге кіреді. Бұл коронавируспен күрес кезінде айқын дәлелденді. Нәтижесінде, пандемиямен күрестің кореялық тәжірибесі «Кореяның COVID-19-ға жауабы» деп аталып, танымалдылыққа ие болды. Менің ойымша, екі елдің денсаулық сақтау мен медицина саласындағы серік­тестігі, әсіресе Корея Рес­пуб­ликасының тәжірибесін ескерсек, жақсы нәтиже беріп, Қазақстан халқының әл-ауқатына оң әсер етеді. 

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан, тестілеу диагнос­ти­ка­сының озық технологияларына ие «MPK clinic» корей клиникасы пандемиямен күресте шешуші рөл атқарды. Оған қоса былтыр Корея Республикасы Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстан Рес­пуб­ликасына сапарынан кейін жасақталған денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-корей жұмыс тобының көмегімен медицина саласындағы әріптестікті бекіту бойынша мәселелер талқылануда. Коронавирустың таралуын тоқтату бойынша да Корея тәжірибесін бөлісу жобасы іске асырылуда. Қазақстанда ауруханалардың құрылысына корей компанияларын қатыстыру мүм­кіндігі қарастырылып жатыр. Корея Республикасы үкі­меті мен кореялық компаниялар Қа­зақстанға гуманитарлық көме­гін жалғастыруда. Биыл алғаш­қы алты айда Қазақстанда жұмыс істеп жатқан кореялық ком­паниялар 400 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Ал Корея Респуб­ликасының Үкіметі тарапынан 800 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсету шешімі қабылданды. Ол жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. 

Президент Қ.Тоқаев өз Жол­дау­ында экономиканың өсімі «жа­сыл» экономикаға негізделуі керектігін алға тартты. Қазақ­станның экономика парадигмасы жаһандық тенденцияға бет бұрғаны байқалады. Ал оған коронавирус пандемиясы салдарынан пайда болған экономикалық дағдарысты еңсеруге жұмсалған ресурстарды пайдалану арқылы  қол жеткізбек. Корея үкіметі де жақында елдің дамуы бойынша «Жаңа кореялық келісім» бағытын жариялады. Онда жаңа цифрлы және жасыл бағытты дамыту қарастырылған. Сондықтан Қазақстанмен жаңа «жасыл» бағытты дамыту шеңберіндегі серік­тестік мүмкіндігінің бола­шағы зор. Экологиялық таза тех­но­логиялар мен жаңа техноло­гиялық даму саласындағы әріп­тес­тік екіжақты қарым-қатынас­тың әлеуетін одан әрі кеңейте түседі деп күтілуде. Ал былтыр екіжақты сауда айналымы ре­корд­тық көлемге жеткен еді. 

Қазіргі таңда екі елдің үкі­меті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ко­реяға мемлекеттік сапарын ұйым­дастыру мақсатында кеңестер жүргізіп жатыр. Сапардың уақыты екі елде COVID-19 жағдайының тұрақтануына байланысты белгілі болады. Қ.Тоқаевтың Сеулге сапары белгіленген жағдайда бұл сапар COVID-19  пандемиясы­нан кейінгі дипломатиялық қа­рым-қатынастың одан әрі дамуына серпін болмақ. Мен Президент Қ.Тоқаевтың Сеулге сапары Қазақстан мен Ко­рея Республикаларының стра­тегиялық әріптестігінің күшейе түсуіне себепші мықты импульс болатынына сенемін. 

 

Ку ХОНГ-СОК,

Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі