Қоғам • 17 Қыркүйек, 2020

150 килодан астам есірткі тәркіледі

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

150 килодан астам есірткі тәркіледі

Көліктегі полиция депар­таментінде «Транзит» және «Қа­расора» профилактикалық іс-шаралары кезінде Өскемен-1 стансасындағы Желілік  полиция бөлімі қызметкерлері  есірткі өсіру туралы жедел ақпаратты тексеру барысында Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласы темір жол жанында орналасқан жеке тұрғын үйлердің біреуінде тінту жүргізгенін айтып берді. Тінту барысында 45 жастағы тұрғынның үйінің ауласынан қарасора өсімдіктері және кептірілген марихуана табылды.

Есірткінің жалпы салмағы 50-ден аса  килограмды құрады.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Көліктегі полиция қызметкерлері 22 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның 25-і есірткі са­ту, 15-і аса ірі көлемде сақтау және 4-і есірткі контрабандасы фа­ктілері.

Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 153 келіден асатын есірткінің әр түрі алынды, оның ішінде 38 грамм героин.