Әлем • 17 Қыркүйек, 2020

Ливия премьер-министрі отставкаға кететінін жариялады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ливия Ұлттық келісім үкіметінің басшысы Фаиз Сарадж отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ливия премьер-министрі отставкаға кететінін жариялады

Ол өз өкілеттілігін қазан айында тапсыратын болды.

Еске сала кетсек, бұл елде 2011 жылдан бері біртұтас билік жоқ. Ел астанасы Триполи мен елдің батыс бөлігін Фаиз Сарадж басқаратын Ұлттық келісім үкіметі бақылап отыр. БҰҰ оны елдің заңды билігі ретінде таныған.

Ал шығыс бөлігін Халифа Хафтар басшылық ететін Ливияның ұлттық әскері басып алды. Мұнай мен газға бай елдегі шиеленіске өзге де мемлекеттер белсенді араласып жүр. Фаиз Сараджды Түркия мен Катар қолдаса, Халифа Хафтарға Египет пен Біріккен Араб әмірліктері демеу беріп келеді.