Парламент • 17 Қыркүйек, 2020

Түркітілдес елдердің парламентшілері мерейтойлық кездесуге әзірленуде

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркітілдес елдердің парламентшілері мерейтойлық кездесуге әзірленуде

Кездесу барысында Түркі Кеңесінің төтенше саммитінің шешімдерін іске асыру мәселелері талқыланды. Аталған жиында мемлекет басшылары коронавирус пандемиясымен күресу үшін ұлттық деңгейде қабылданған шаралар туралы және елдеріміз арасындағы індетпен күрес жөніндегі ынтымақтастық бойынша пікір алмасқан болатын.

Сенат Төрағасы ТүркПА-ның қазақ, әзірбайжан, қырғыз және түрік тілдеріндегі терминологиялық бірыңғай заң анықтамалығын құру идеясына қолдау білдірді. Бұл жоба ұйымға қатысушы елдердің заңнамасында қолданылатын құқықтық терминологиямен жұмысты айтарлықтай жеңілдете алады.

Мәулен Әшімбаев былтыр Жастар жылы аясында Қазақстан астанасында жас парламентшілердің алғашқы отырысы өткеніне назар аударып, бұл бастаманың болашақта жалғасатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар тараптар ТүркПА елдері парламентшілерінің көпжақты ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қатысты пікір алмасып, ұйым қызметінің бірқатар өзекті мәселелерін талқылады.