Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев тікелей эфирде өткен брифинг барысында алдағы екі жылда Қарағанды облысында 15 ірі спорт нысанының ашылатынын, сонымен қатар көшелердегі спорт алаңдарын жөндеу және орнату бойынша кең ауқымда жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарма басшысы бұқаралық спортты дамытудың мемлекет алдында тұрған басым бағыттағы міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
"Біздің міндетіміз – әр қалада, әр ауылда жастар, балалар мен үлкендердің белсенді өмір салтын ұстануына, жаттығуына жағдай жасау, мүмкіндік тудыру. Облыста дене шынықтырумен айналысуға тұрғындарды тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында 262 спорт нұсқаушысы, оның ішінде ауылдық жерлерде 76 маман жұмыс істейді", деп атап өтті Темірхан Абылаев.
Қарағанды облысында тұрғындарды саламатты өмір салтына барынша көп тарту үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт залдары және ашық спорт алаңдары салынуда.
"Өңірде алдағы екі жылда 15 ірі спорт нысаны ашылады. Олардың қатарында Теміртаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК), Қарағандыдағы үлкен және үстел теннисі орталықтары, Жезқазған, Шахтинск қалаларындағы және басқа да елді мекендердегі спорт кешендері бар. Сондай-ақ, ауылдарда "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде. Атасу кентінде бассейн, Ақтас пен Ботақарда ДСК ашу жоспарда бар", деді Темірхан Абылаев.
Жаңа нысандар салумен қатар, өңірде бұрыннан бар нысандарды ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Ақсу-Аюлы кентінде спорт мектебі ретке келтірілді, кеншілер астанасында "Қарағанды-Арена" мұз сарайы жөндеуден өткен. Мұнда шатыр, жүгіру жолдары ауыстырылып, шешінетін бөлмелер мен басқа да орындар ретке келтірілді. Жол картасы бойынша жөндеу жұмыстары 11 нысанды қамтыған. Олардың қатарында Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайы, жеңіл атлетикадан олимпиялық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі және басқалары бар. Биыл өңірдегі 10 спорт мектебінде жалпы сомасы 210,9 млн теңге болатын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, облыста "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында спорт саласындағы 14 жобаға 1 миллиард теңгеге жуық қомақты қаражат бөлінген.
Темірхан Абылаев карантинге қарамастан, қарағандылық спортшылардың өз жаттығуларын жалғастырғанын, ал облыстың көптеген тұрғындарының онлайн-жарыстардың жаңа форматын қолданғанын атап өтті. Пандемия кезінде спорт басқармасы спорттың 24 түрі бойынша 142 онлайн-жарыс өткізген. Облыстың жүзге тарта тұрғындары доппен жонглерлік ету, жеңіл атлетикалық кросс, күш гимнастикасы және дойбыдан өткен төрт онлайн-турнирге және спорт күнінің құрметіне барлық санаттағы тұрғындар үшін ұйымдастырылған сурет конкурстарына қатысты. Қарағанды спорт мектептерінің жаттықтырушылары AulaFit республикалық челлендждің белсенді қатысушылары болды. Олар қаланың әртүрлі аудандарында тұрғын үйлер мен мектептердің аулаларында балаларға арналған екі мыңға жуық адам қатысқан 70 жаттығу өткізді. Бір сөзбен айтқанда, басқарма жаңа жағдайда спортты және саламатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмыс атқарды және оны алдағы уақытта да жалғастыратын болады.
Қазіргі таңда спортшылардың жаттығуына рұқсат берілді: спорт кешендері мен бассейндер жұмыс істей бастады. "Әрине, мұның бәрі қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып іске асуда. Жарыстарды өткізуге әлі рұқсат берілген жоқ, дегенмен олар онлайн режимінде міндетті түрде жалғасын табады", дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар брифингте Темірхан Абылаев облыс басшылығының қарағандылық спортшыларды қолдау мақсатында мүмкін болған барлық жағдайды жасап отырғанын жеткізді. Мысалы, таяуда ғана ел намысын қорғап жүрген жетекші спортшылардың шәкіртақысын көбейту жөнінде шешім қабылданыпты. Бұған қоса, шәкіртақы алушылардың саны өсіп, ол 104-тен 165 спортшыға жеткен.
Брифингтің соңында Темірхан Абылаев облыс тұрғындарын саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен және дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуға шақырды.
Қарағанды облысы
Күрестен Алматыдағы лицензиялық турнирдің иегерлері анықталды
Күрес • Бүгін, 23:23
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 23:00
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Бүгін, 22:21
Қазақстан • Бүгін, 21:52
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Бүгін, 21:47
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Бүгін, 21:44
Аймақтар • Бүгін, 21:27
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Бүгін, 21:23
Руханият • Бүгін, 21:14
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Бүгін, 21:11
Кесенеден кешенге дейін: Жошы хан тарихи-мәдени нысанының құрылысы биыл аяқталады
Қазақстан • Бүгін, 21:08
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Бүгін, 21:05
Қазақстан • Бүгін, 21:01
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Бүгін, 20:56
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 20:47
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:08
Бозжырада құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталды
Туризм • Бүгін, 19:35
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 19:05
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Бүгін, 18:47
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Бүгін, 18:13
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Бүгін, 17:38
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Бүгін, 17:11
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Филипп ханзадамен қоштасу рәсіміне өзгеріс енгізілді
Әлем • Бүгін, 16:07
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Бүгін, 15:43
1 маусымнан бастап магистратураға түсуге өтініш қабылданады
Білім • Бүгін, 15:02
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Бүгін, 14:43
Аймақтар • Бүгін, 14:15
183 халықаралық байқаушы Қырғызстандағы референдумды бақылайтын болады
Әлем • Бүгін, 13:32
Қырғызстанда конституциялық референдум өтіп жатыр
Әлем • Бүгін, 13:22
Қазақстанға ұшып келген 28 жолаушының ПТР-анықтамасы жоқ
Қоғам • Бүгін, 13:07
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:43
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:40
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Бүгін, 11:06
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» туристік кешені ашылды
Туризм • Бүгін, 10:12
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 10:00
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:37
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Кеше
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Кеше
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Кеше
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар